"8 ай болды". Қарағандылық дәрігерлер сап-сау баланы оята алмай жатыр

23 Тамыз, 2019 236 0

Қарағандылық дәрігерлер екі жасар Аяулымға диагноз қоя алмай, басы қатуда. Бүлдіршін 8 ай бұрын ұйқыға кетіп, содан тұрмай жатыр, ал одан алынған анализдің барлығы тап-таза, деп хабарлайды Zakon.kz Бірінші Еуразия телеарнасына сілтеме жасап.

Аяулым жансақтау бөлімінде жатыр. Оны түтік арқылы тамақтандырады, бала едеуір салмақ қосқан, тіпті ауруханаға жатқызылғаннан кейін тісі тісеп, сегіз тіс шыққан. Бұл таңғаларлық жағдай әрі бұл дерттің не екені әлі анықталмаған. Дегенмен дәрігерлер бала іште жатқанда бірден бірнеше вирус жұқтырып, инфекция дендеген, сондықтан бұл миға әсер еткен болуы мүмкін деп болжайды.

- Жүктілік кезінде нәрестені анасының ішінде инфекция жұқтырған деп болжам жасауға болады. Бұл тұрғыда біз барлық ем-домды жасадық, оған қоса Алматы мен Астанаға байланысқа шығып, мамандармен кеңестік. Бірақ әзірге біз оның бетін бері қарата алмаудамыз, әсіресе диагноз және диагноз қою жағы өте қиын болып тұр. Өйткені бұл ілуде бір кездесетін жайт, - дейді облыстық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Нина Деркач.

Дәрігерлер баланың невртерінің реакциясы біртіндеп жойылып бара жатқанын айтады. Қыз кейде көзін ашады екен, бірақ оянбайды. Аяулым анасының айтуынша, бүлдіршін ауруханаға жатқанға дейін жақсы тамақтанып, ойыншықтарымен ойнап жүрген. Бірақ желтоқсан айының соңында оның кенеттен тәбеті жоғалып, былқ-сылқ етіп қалған. Соңғы рет Аяулым 26 желтоқсанда оянған екен.

- Мама, папа деп айтты. Стақанды өзі ұстады. Сап-сау бала, түсінесіздер ме? Аяқ-астынан осылай болып қалды, қалай қолымды жайып, қарап отырамын, ол күнде маған қарап, жылайды. Анашым, бірдеңе қылшы дейтін секілді! - дейді Аяулымның анасы Шынар Бекмағамбетова тамағына келген өксікті іркіп.
"Баланың анасының айтуынша, жақында алынған анализдер Аяулымның дені сап-сау екенін көрсеткен. Аяулымның жағдайын естіген мәскеулік дәрігерлер қызығушылық танытып, қызды көріп берейік депті. Бірақ қызметінен бөлек Ресей дәрігерлерінің Қазақстанға келу жолпұлын да ата-ана өз мойнына алуы тиіс екен. Шынар Бекмағамбетова қазір өзінде мұндай ақша жоғын айтып, шарасыз күйде екенін айтады", - дейді тілші.

Тегтер: Қарағанды, дәрігер, бала, ауру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.