Қазақта қала мәдениеті болған деген шындыққа дәлел
Жасыратыны жоқ, мемлекет тарапынан Түркістан өңіріне, әсіресе, Түркістан қаласына айрықша көңіл бөлініп отыр. Тіпті, кей ағайындар «дағдарыс кезеңінде қала салу қаншалықты дұрыс?» деген сұрақты төтесінен қойып жүр. Жөн-ақ. Дегенмен әр істің, әр бастаманың тарихи негізі мен алда күтілетін жоспары болады. Осы екі тұрғыдан алып қарасаңыз Түркістанның қайта түлеуге, қайта жаңғыруға әбден лайық екенін аңғарасыз. Қожа Ахмет Ясауидей ұлы ғұлама, ізгілік жаршысы өмір сүріп, білім мен дін шамшырағын жаққан көне шаһар тұтас қазақ халқы үшін қадірлі әрі қастерлі. Себебі осы кесене маңында күллі қазақтың 21 ханы мен жүзден астам айбынды батыр, би, ғұлама, қайраткерлері мәңгі қоныс тапқан. Мағжан ақынның «Түркістан – екі дүние есігі» деп жырлауы бекер емес. Терең тарих пен жарқын болашақ тоғысатын жер бұл. Түркістанның қай ғасырдан бері қала болғаны туралы тарихшылардың пікірі сан қилы. 2000 жылы 1500 жылдығы атап өтілді. Алайда соңғы жылдардағы зерттеулер қаланың тарихы одан да тереңде екенін дәлелдеп жатыр. Профессор Жамбыл Артықбаев өзінің ғылыми мақаласында тарихшылардың зерттеуіне сүйене отырып, Түркістан қаласының айналасындағы Шоқтас, Қошқорған сияқты тас дәуірі ескерткіштері бұл өңірде әуелі адамдардың 550 мың жыл бұрын мекендегенін жазған. Орыстың П.Рычков деген зерттеушісі Ташкент, Ходжант, Кашкар, Табат және өзге де қалалар, яғни, Орта Азия үшін Түркістан қаласы орталық сипатында болғанын сөз еткен. «Қорытындылай айтсақ, Түркістан аймағында қалалық өркениет өз бастауын неолит дәуірінде пайда болған шағын қоныстардан алады деп есептеуге болады. Егер Түркістан қашан қала болып қалыптасты десек, онда біз қола дәуірін, сол дәуірде қазақ даласында керемет қанат жайған көне индустриаяны, метталургия мен металл саудасын еске түсіргеніміз жөн. Қазір Түркістан кішкене қала болғанымен ертеде үлкен қалалық аймақтың орталығы, Тұран өркениетінің алтын бесігі болды», – дейді Жамбыл Артықбаев. XVI ғасырдан бастап шаһарға «Түркістан» атауы қалаға мықтап бекіп, қазіргі таңға дейін жетіп отыр. 3 ғасырдан астам уақыт бойы Қазақ хандығының астанасы болуының өзі Түркістанның қазақ үшін аса құнды екенін аңғартады. Италия үшін Рим, Грекия үшін Афины қандай қымбат болса, Қазақ елі үшін Түркістанның орны соншалықты айрықша. Бүгінде қала туралы зерттеулер әлі де жалғасып жатыр. «Күлтөбе» қалашығын, ашық аспан астындағы мұражайын саяхатшыларға, тарихшыларға таныстыру жолдары жүйелену үстінде. Жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ғалымдар мен археологтардың қатысуымен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Оған берісі Орта Азия, арысы АҚШ-тың тарихшы-ғалымдары қатысты. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі және Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев баяндады. «Түркістан аумағындағы археологиялық кешендерді зерттей отырып, біз екі ежелгі қорымдарды ашамыз. Мұнда табылған жерлеулер мен атрибуттар біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға жататыны сөзсіз. Бұл жәдігерлер мұнда өмір сүрген тайпалар мәйіттерді осында жерлегенін және осы қаланың аумағында өмір сүргенін көрсетеді», – деді Бауыржан Байтанаев. Ия, Сіз қағыс естіген жоқсыз. 3 мың жыл. Археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған жәдігерлер осы ойға жетелеп жатыр. Жалпы, қала деген не? Оның қатардағы қоныстан айырмашылығы неде? Бұл туралы ғылым былай дейді. Қала дегеніміз – ғылымы мен мәдениеті дамыған, тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және басқару мекемелерінде жұмыс істейтін, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Қалада әкімшілік басқару орындары, ғимараттар, көшелер болуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Түркістан ежелден-ақ қала мәртебесіне сай болған. Сондықтан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы ең ауқымды әрі маңызды істің бірі деп Түркістанды қайта түлетуді айтуға болады. Түркістанды дамыту – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нақты іске асқанының көрінісі. Түркістанды дамыту – «қазақтарда мемлекеті, өз жері болмаған» деп көкіген кейбір көкезулердің қыжыртпаларына нақты жауап. Түркістанды жаңғырту – Оңтүстіктегі шекарамызды нығайтудың, демографиялық өсімді ұлттық бағытқа бұрып, «Мәңгілік Ел» идеясын жандандырудың бір тетігі. Қазақ халқының өркениеті, қала мәдениеті мен сәулет өнері, ғылымы, тарихы мыңжылдықтарға тамыр тартқанының белгісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың игі істі жалғастыруымен тұтас халқымыз ұлы шаһарды қайта жаңғырту миссиясын атқарып жатыр. Осы ұлы үрдіс жалғасуы тиіс. Түркістан тарихы туралы таңнан-таңға дейін сөз қозғауға болады. Біз Түркістан облысы құрылған 3 жыл ішінде атқарылған жұмыстарға, негізгі көрсеткіштерге қысқаша шолу жасап көрелік. Инвесторға тартымды, құрылысы қарқынды Тарихи негіз, түп-төркін деген ұғымдар бар. Түркістанның да іргетасы мыңжылдықтарға жетелейтінін айттық. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала болғандықтан шығар, Түркістан облыс орталығы бола салысымен елімізден бөлек алыс-жақын шет мемлекеттерден инвесторлар жиі келетін болды. Инвесторды күтіп алып, есеп үшін жиналыс өткізу бір басқа, екі жаққа да тиімді шешім қабылдап, өңірге қаржы тарту өте қиын іс. Бұл ретте облыс әкімі, мемлекет басшылығының сенімді қайраткері Өмірзақ Шөкеевтің іскерлігі мен жаңашылдығын айта кеткен жөн. Көне әрі жаңа шаһарға инвестор тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді. 2018 жылы Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 288,1 млрд. теңгені құраса, 2019 жылы ол 441,2 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 38,5%-ға артты. Ал 2020 жылы облысқа 703,3 млрд.теңге инвестиция бағытталып, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артты. Инвестициялардың өсу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада 1 орынға шықты. Оның ішінде сыртқы инвестициялар 112,4 млрд. теңгеге жетіп, үлесі 16%-ды құрады. 2020 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 154,0 млрд. теңгеге 37 инвестициялық жоба іске асырылып, 3800 жаңа жұмыс орны ашылған. Жобалардың ең ірілеріне тоқталсақ, «KZT Solar» (HEVEL Kazakhstan) ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысы жүргізілді. Оның құны – 31,2 млрд. Сонымен бірге құны 19 млрд. теңгелік «ЮКСЭС 50» ЖШС-нің күн электр станциясы мен «Ecoinvest» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылы-жай кешенінің І кезеңі қолға алынған. «Turkistan Textile» БК» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы және «АБН Альянс» ЖШС-нің пластикалық құбырларды өндіру кәсіпорындары да ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. [caption id="attachment_54484" align="alignnone" width="1280"] Фото: Антон Лещенко[/caption] Индустрияландыру картасы аясында 2020 жылы 1190,2 млн. теңгеге 6 жоба іске асырылып, 212 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, сым бұйымдарын өндіретін «Kaztor LTD» ЖШС арқылы 67 адам, асфальтобетон, тауарлық бетон және темір бетон бұйымдарын өндіретін «SOUTH ALUPLAST» ЖШС ашылып, 56 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге көпфункциялы POS-терминалдарды құрастыратын «Нұрлы НазАй» ЖШС, асфальтке қажетті бетон өндіретін «Алем Бетон - 1» ЖШС, «MAKS BETON» ЖШС, «ATS Group LTD» ЖШС де іске қосылып, өңір экономикасына үлес қоса бастады. Жуырда ел үкіметі Түркістан облысын дамытуға 3,6 трлн. теңге бағытталатынын айтты. «Бюджеттің бәрі осы жаққа бөліне ме?» деген сұрақтар да пайда болды. Дегенмен оның ішінде 2,7 триллион теңгесі жеке инвестициялар екенін айта кеткен жөн. Қалған 530,6 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлінсе, жергілікті бюджеттен 348,5 млрд. теңге қаралмақ. 2018 жылы Елбасы Н.Назарбаев Түркістан қаласындағы жұмыс сапарында «Turkistan» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. АЭА аумағы 3000 гектардан асады. Аталған аймақта инвестициялық қоржыны жалпы құны 425,5 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылуда. Облыстағы 9 индустриалдық аймақ та инвестиция тарту бағытындағы жұмыс қарқынын арттырады деген жоспар бар. Инвестиция, өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын ашу бойынша да ілгерібасушылық байқалады. Әрине негізгі өнеркәсіп пен өндіріс орындары Шымкент қаласында қалып қойғаны бұл саладағы көрсеткіштерді төмендеткені белгілі белгілі. Дегенмен өңірде кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу ісі бәсеңдеген емес. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 141 мыңнан асып, соңғы 2,5 жылда олардың саны 11 мыңға өсті. Осы салада 217,2 мың адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 0,3%-ға артты. Бұл секторда 823,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 3,1%-ға (өсім бойынша республикада 8 орын) ұлғайды. Басты көрсеткіш шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 21,3%-ды құрап, (2020 ж.) Стратегиялық картада міндеттелген индикатор көрсеткіші толығымен орындалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 29 млрд. теңгені құрайтын 287 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылған. Бағдарламаны жүзеге асыруда өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті 23%-ға ұлғайып, 2,9 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде 400-ге жуық кәсіпорын қаржыландырылды. «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылып, былтыр кәсіпкерлерге 33 мыңнан астам қызмет түрлерін көрсеткен. Осы арқылы тіркелген мыңнан астам бизнес жоспардың 78 пайызына (868 бизнес-жоспар) қаржыландырылғанша көмек берілген. Нәтижесінде өңір 2020 жылдың қорытындысымен «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша республикада 1 орынды иеленді. [caption id="attachment_54488" align="alignnone" width="800"] Фото: Антон Лещенко[/caption] Осы көрсеткіштер мен ауқымды жұмыс нәтижесінде Түркістан облысының экономикалық жағдайы да тұрақты түрде көтеріліп келеді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылы 2 трлн. 353,5 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +4,9%-ды құраған. Ал 2018 жылы 1 трлн. 659,9 млрд. теңге еді. Үш жылда анағұрлым өскен. Жалпы өңірлік өнімнің өсімі бойынша Түркістан облысы республикада 1 орында тұр. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 1 159,2 мың теңгеден келеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 238,2 млрд.теңге болды. Ол 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 млрд. теңгеге немесе 0,9 пайызға артқан. Сөз жоқ, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқа уақытта Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі ең ауқымды құрылыс Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан қаласында жүріп жатыр. Түркістан облысы десек, көз алдымызға тоқтаусыз алып құрылыс елестейтін болды. Түркістанда ғана емес, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш және өзге аудандарда да көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қолға алынып, бірқатары ел игілігіне беріліп үлгерді. 2020 жылы өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 300 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға артты. Үш жылда құрылыс қарқыны еселеп өсті. 2018 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 139,1 млрд. теңгені құраған болатын. Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында былтыр 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды. Оның 710,1 мың шаршы метрі «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған. Жалпы өңірде тұрғын үй құрылысы керемет қарқынды. 2021 жылдың бірінші тоқсанының өзінде өңірде 96,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін облыс бойынша 790 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. Ауыл шаруашылығы қуатты, ауылдары шуақты Түркістан облысы тұрғындарының басым бөлігі ауылдарда тұрады. Сондықтан өңір экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Былтыр бұл салада өнім көлемі 729,7 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артты. Диқандар мен малшылардың ерен еңбегінің нәтижесінде облыс республикада 3-орынға шықты. Ал 2018 жылы 544,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын. Ауыл шаруашылығында өңделген өнім экспорттың көлемі 105,1 млн. АҚШ долларына жетіп, 47,6%-ға артты. Оның ішінде Түркістан облысы ірі қара мал етін экспорттау бойынша елімізде 1-орында тұр. Егіс көлемі 847,9 мың гектар аумаққа артып, өткен жылдан 19 мың гектарға молайды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды еліміздегі жетекші агроаймаққа және экспорттаушы өңірге айналдыру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытында нақты мақсаттар қойып, игі істерге бастамашы болып келеді. Бірінші бағыт бойынша Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру үшін құны 46,7 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Шаға ауылдық округінде 29 бірлік АҚШ, Австралия технологияларымен 1 355 гектар жаңбырлатып суғару машинасы орнатылды. Екінші бағыт бойынша «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынып, биыл 128 ауыл округінде 5,2 мың гектарға 1 999 жоба іске асырылып, 262,5 мың тонна өнім алынды. Ал, үшінші бағыт бойынша үйіргелік жерлерді игеру қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылды, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапты. Жылыжайлар көлемі 132 гектарға ұлғайып, 1246 гектарға жетті. «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Осы арқылы өңірге қосымша 200 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. Нақтырақ айтсақ, «Түркістан магистральдық арнасын күрделі жөндеу» жобасы, «Сыйымдылығы 18 млн. текше метр (м/3) Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу жобасы, «Жетікөл көлдер жүйесін қайта жаңғырту» жобасы, «Түркістан магистральдық каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық каналын салу» жобасы арқылы 200 млн. текше метрдей ағын су келіп, жыл сайын қосымша 14 млрд. теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі ашылады. Мұның бәрі – стратегиялық маңызы бар жоспарлар. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдарға қолдау көрсету, аймақтардың әлеуетін тиімді пайдалану жөнінде тапсырма берген болатын. «Ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе», – деді Президент. Бұл ретте Түркістан облысында Түркістан қаласын ғана емес, шалғай аудандар мен елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымын жақсарту бағытында да ауқымды жұмыс жүріп жатыр. 2018 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мақтаарал ауданы екіге бөлінді. Мақтаарал және Жетісай аудандары құрылды. Сонымен қатар Сарыағаш ауданы да екіге бөлініп, Келес және Сарыағаш аудандары құрылды. Бұл – еліміздің оңтүстіктегі қақпасын, шекаралас аймақты күшейту жолындағы нақты қадамдар еді. Тарихи шешімдердің дұрыс болғанын уақыт өзі дәлелдеп отыр. Небәрі үш жыл ішінде жаңадан құрылған аудандарда әлеуметтік нысандар көбейіп, құрылыс қарқыны артты. Бұрын бөлінбей тұрып, жалпы Мақтааралдың бюджеті 40 млрд. теңгедей еді, қазір Жетісайдың өзінің бюджеті 50 миллиардқа жуықтаса, Мақтаарал ауданының бюджеті 40 миллиардқа жақындады. Яғни, мемлекет тарапынан бөлінген қаржы да, құрылыс та 2 есеге өсті. Бүгінде бір ғана Мақтааралдың өзінде 13 мектеп салынып жатыр. Аудан орталығы болғанына 3 жыл толған Мырзакент қазір танымастай өзгерген. Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ғимараты, «Жастар» гүлзары, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, орталық кітапхана, Мырзакент емханасы ел игілігіне берілді. Бүгінде 1200 орындық мектеп және 280 орындық балабақшаның құрылысы, дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимараты, спорт сарайы, орталық саябақ нысандарының құрылысы жоспарланған. Қайта құрылып, түлеген Келес ауданы да жаңарып, ажарлана түскен. Ауданда соңғы 3 жылда жеке тұрғындардың есебінен 46 262 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018-2021 жылдар аралығында Келесте 44 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша облыс көлеміндегі ауданның үлесі 6,8 %-ды құрап, 5-ші орында келеді. 2018 жылы ауыл шаруашылығында жалпы өндірілген өнім көлемі 33 340,0 млн теңгені құраған болса, қазіргі таңда ол молайып, 60 440 млн. теңгеге жеткен. Жуырда тағы бір маңызды әрі тарихи шешім қабылданды. ҚР Үкіметінің қаулысымен Өзбекстанмен шекарадағы Бағыс және Хиебон ауылдары ресми түрде Түркістан облысына қосылды. Ауданы 750 гектар Бағыс ауылы Ақжар ауылдық округіне, ауданы 45,62 гектар Хиебон ауылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосылады. Облыс әкімдігі тарапынан аталған ауылдарды инфрақұрылыммен жасақтау ісі басталып кетті. Ресми мәртебе беріліп, жылжымайтын мүлікке түгендеу жұмыстары аяқталды. Азаматтардың жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары басталды. Бағыс ауылы тұрғындарына қолайлы болу үшін мобильді ХҚКО ұйымдастырылды. Биыл Бағыс елді мекені табиғи газбен толық қамтамасыз етілмек. Келесі жылы 300 орындық жаңа мектеп салынады. Ауыл еңсесін көтеру бағытында жергілікті демографиялық өсімді ескере отырып, биыл жаңадан Сауран ауданы құрылды. Диқаншылық пен шағын кәсіпкерлікке бейімделген ауданның елді мекендері жаңаша қарқынмен даму кезеңін бастады. Инфрақұрылым демекші, 3 жыл көлемінде Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жол, ауыз су, газ, сапалы электр энергиясымен қамту іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, ауылдардың еңсесі көтеріліп қалды. 2018 жылы бюджеттен 26,8 млрд. теңге қаралып, нәтижесінде 1434,4 шақырым жол мен көше немесе 432 нысан (7 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 411 нысаны немесе 521,9 шақырымы пайдалануға берілді. 2019 жылы 719 нысан немесе 1738,4 шақырым жол, көше жөнделген. 2020 жылы автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 54,8 млрд. теңге қаралып, 1974,8 шақырым жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 1525,4 шақырымы пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1%-дан 79%-ға дейін артты. Былтыр ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 28 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1 пайызға жеткен. Өңірде 690 елді мекендегі 1 885,5 мың адам ауыз сумен қамтылған. Әлі де таза суға қол жеткізе алмай отырған ауылдар жоқ емес. Биыл 20 елді мекенді жаңа ауыз су жүйелерімен қамту, 14 елді мекеннің су құбырларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2020 жылы 23 табиғи газ нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендер саны 423-ке немесе 1 млн. 274 мың адамға жетіп отыр. Электр энергиясымен қамту бойынша 2020 жылы 26 нысанның құрылысына 4,4 млрд.теңге қаржы бағытталып, 17 нысан пайдалануға берілді. Жалпы 2020-2025 жылдар арналығында Түркістан облысында 172 елді мекен сапалы электрмен қамтылады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы облыста 336 жоба іске асырылып, 11 мектеп, 2 балабақша, 3 денсаулық сақтау, 1 спорт, 2 мәдениет, 9 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны және 474 шақырым жол жөндеуден өтті. Ауылға көрсетілген қолдау өз жемісін беретіні анық. Сындарда шыңдалып, әлеуетін көтерген өңір 2019 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімшенің қоймасында жойқын жарылыс болды. Апат салдарынан 50 мыңға жуық тұрғын өз үйлерін тастап, қаладан шығып кетуге мәжбүр болды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жедел тапсырмасымен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру, оларды арнайы орталықтарға орналастыру жұмыстары басталып кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа іссапармен келіп, апат салдарын жою жөнінде тапсырма берді. Алаңдаған ел көңіліне демеу болып, көшбасшыға тән мінез танытты. Күллі қазақты алаңдатып қана қоймай, игі іске біріктірген Арыс апатын жоюға еліміздің барлық өңірлері атсалысты. Халық қолдан келген көмегін жіберіп, арыстықтарды құшағына қысты. Мемлекет басшылығы, облыс әкімдігі мен күштік құрылымдар өз міндеттеріне сай қаланы қайта жаңартуға кірісті. Арыс апаты, әскери қойманың әлегі, сол кезеңдегі қиындықтар мен жұмыстар туралы жұртшылық жақсы біледі. Арыс қаласында 8626 үй бар болса, жарылыс салдарынан 7635 үй зардап шекті. Оның ішінде 480 үй жарамсыз деп танылып, жаңадан салынды. Жөндеуді қажет ететін 7155 үй жөнделіп, халық игілігіне берілді. Бір жылда 380 мың оқ-дәрінің қалдықтары қала сыртына шығарылды. Мыңдаған оқ-дәрі залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Екі жыл ішінде Арыстағы темір жол вокзалы, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, саябақтар салынып, жолдар жөнделді. Қаланы қалпына келтіру жұмыстарына 500-ге жуық компания мен 10 мыңнан астам құрылысшы қатысты. Арыстықтарға 100 мың теңгеден өтемақы төленді. Тоғыз жолдың торабындағы шаһар ажарлана түсті. Бұл – тұтас елдің бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жеткізген жетістік. Осыны жақсы түсінетін арыстықтар таяуда Арыс қаласында «Қазақ еліне мың алғыс» монументін ашты. 2020 жылдың 1 мамырында Түркістан жұртшылығы тағы бір сынақты бастан өткерді. Өзбекстанның «Сардоба» су қоймасы жарылып, Мақтаарал ауданындағы 1000-нан астам тұрғын үй, 3 мектеп, 5 бала бақша, 4 денсаулық сақтау, 1 мәдениет үйі, 10 сауда объектілері, автомобиль жолдары, 1 көпір, 5695 га егістік пен жайылым жер топан су астында қалды. Бұл кезде де тұтас Қазақ елі мырзашөлдіктердің жанынан табылды. Мыңдаған жүк көліктерімен гуманитарлық көмек жолдап, арнайы қорға қаржы аударды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті, елді апат салдарын жоюға жұмылдырды. Облыс әкімдігі жедел штаб құрып, жағдайды толық бақылауға алды. Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан су басқан ауылдың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден берілді. Оған 628 млн. теңге жұмсалды. Алишер Усмановтың қоры есебінен зардап шеккен және эвакуацияланған отбасыларға 1000 АҚШ доллары көлемінде 2,2 млрд. теңге қаржы аударылды. Мырзакентте жаңа шағынаудан пайда болып, 386 үй салынды. Ол Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарына берілді. Фирдоуси, Өргебас елді мекендерінде 504 тұрғын үй салынды. Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 полициялық тірек пунктінің құрылыстары жүргізілді. Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп, дәрігерлік амбулатория реттелді. Қайырымдылық қорлары арқылы да тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілді. Барлық өңір тұрғындары, әкімдіктері көмек қолын созды. «Nur Otan» партиясы арқылы гуманитарлық керуендер ұйымдастырылып, «Біргеміз» қоры арқылы 32 үй тұрғындарға берілді. Арыс пен Мақтааралдағы төтенше жағдай барша қазақты біріктіріп қана қоймай, елді үлкен сынақтан өткізді. Алтайдан Атырауға дейінгі ағайынның ақжарма көңілі мен кең пейілін сездірді. Мемлекет басшылығының, Ел Үкіметінің, атқамінер азаматтардың да отаншылдығын аңғартты. Былтыр басталған коронавирус пандемиясы да елдің еңсесін басып, әбігерге салып келеді. Бірақ сан сынақтан ширығып өтіп келе жатқан Түркістан жұртшылығы бұл дерт пен оның экономикалық зардаптарымен шама-шарқынша күресіп келеді. Өңірде індеттің таралуын тоқтату және науқастарды емдеу үшін 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылды. Өңірдің медициналық ұйымдарын дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 2,1 млрд. теңге бөлінді. Өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 178-ден 348-ге дейін арттырылды. Қосымша 4 оттегі станциясы орнатылып, станция саны 8-ге жетті. Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Медициналық ұйымдардың пульсоксиметрмен қамтамасыз етілуі 190-нан 4 069-ға дейін жетті. Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 880,5 мың азаматқа жалпы 37,3 млрд. теңге бөлініп, 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер берілген. 168,9 мың азаматқа, АӘК алушы балаларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға жалпы 3,7 млрд. теңге бөліп, 5567 теңге көлемінде өтемақы түрінде азық-түлік пен тұрмыстық пакеттер ұсынылған. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен, «Nur Otan» партиясының үйлестірумен «Birgemiz» қоры арқылы 38,9 мың тұрғынға 50 мың теңгеден үлестірілген. Оған 1,9 млрд. теңге жұмсалған. Дағдарысқа қарсы шаралар ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» ақылы 26908 жаңа жұмыс орындары ашылған. 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 24,4 млрд. теңге қаралып, 88160 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Жаңарған Түркістан бәрімізге құтты болсын! Биыл Түркістан қаласына келген кезекті сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Иә, Түркістан шынында да жаңарған Түркістанға айналды.«Алдыңғы жылдары Түркістанның 1500 жылдығын атап өткенде осы Түркістанды бір көтерсек деп армандап едім. Қазақстанды нығайту, дүниежүзіне таныту керек деп шапқылап жүрдік. Енді уақыт келді, 2018 жылдың маусым айында Шымкент қаласын миллион тұрғыны бар деп бөліп, Жарлыққа қол қойдым. Қазақстандағы ауқатты жігіттерді жинадым, мемлекетке, әкімдікке тапсырма бердім. Бірінші бағдарлама жасадық. Соның арқасында 2019-2020 жылдардың ішінде 257 ғимарат салынды. Бұл біз үшін елдің астанасын салумен бірдей керемет дүние. Былтыр келген адам Түркістанды қазір танымайды. Ай сайын, жыл сайын өзгеріп тұрады. Қала астанадан да тез салынып жатыр. Енді 2025 жылға дейін бұдан да үлкен, керемет болады. Қазір халқының саны 200 мың болса, 2025 жылы 300 мыңнан асып кетеді деген жоспар бар» – деді журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген Нұрсұлтан Назарбаев.Елбасы тоқсаныншы жылдардан бастап Түркістанды дамыту идеясын назарда ұстаған секілді. Алдымен университеті ашып, оны келісімдер арқылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне айналдыруы, түркі мемлекеттері Президенттерімен тұрақты түрде Түркістанда жүздесуі осы ойға жетелейді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің басшысы ретіндегі алғашқы жұмыс сапарын Түркістанға зиярат етумен, зиялы қауыммен кездесуден бастағаны есімізде.
«Түркістан – мемлекетіміздің алтын бесігі. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді», – деген болатын сол кездесуде Президентіміз.Мемлекет тарапынан Түркістан облысына, Түркістан қаласына ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде шаһар 3 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті, 16 өңірдің әкімдері мен жауапты өкілдері Түркістанда болып, өздеріне бекітілген нысандардың құрылысын бақылады. Қасиетті шаһардың кемелденуіне аянбай еңбек сіңірді. Еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, жаңарған Түркістанның дамуына үлес қосып жатыр. «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасына» және «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» ел үкіметінің қаулысына сәйкес, 3 жылда Түркістан қаласында 257 нысан пайдалануға берілді. Солардың ең ірі әрі ауқымдыларына тоқталайық. 2019 жылы 23 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығында 14 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Олар: 1. Әкімшілік ғимараты; 2.Басқармалар үйі; 3. Департаменттер үйі; 4. Нұр-Сұлтан алаңы (Астана қаласы); 5. «Конгресс-холл» орталығы (Самұрық-Қазына); 6. «Алатау» медиа-орталығы (Алматы қаласы); 7. Оқушылар сарайы (Самұрық-Қазына); 8. 7000 орындық стадион (Самұрық-Қазына); 9. Бассейні бар спорт кешені (Petroleum Operating); 10. Олимпиадалық резерв мектебі (Солтүстік Қазақстан облысы); 11. Халыққа қызмет көрсету орталығы (Павлодар облысы); 12.Музыкалық мектеп (Батыс Қазақстан облысы); 13. Қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды); 14. Цифрлық кеңсе (Самұрық-Қазына); Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылып, оның 91,2 шақырымы іске қосылған. Ал, рухани-мәдени орталығында 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бәрі пайдалануға берілді. Олар: 1. Шығыс моншасы (Қызылорда облысы); 2.Әуенді субұрқақ (Шығыс Қазақстан облысы); 3.Неке сарайы (Қостанай облысы); 4.Амфитеатр (Маңғыстау облысы); 5. Қабылдау орталығы (Жамбыл облысы); 6. Қ.А.Яс