Қызылордада сәбіздің келісі 735 теңгеден сатылып жатыр
Қызылордада сәбіздің келісі 735 теңгеден сатылып жатыр

Картоптың бағасы ақырындап түсіп жатыр. Түркістаннан, Сарыағаштан 180-200 теңгеден әкеліп жатсақ, нарықта 220-250 теңгеден сатылып отыр. Сәбізіміз енді-енді пісіп жатыр ғой, Түркістаннан. Біз кәсіпкерліктен сөйлесіп жатырмыз. «Магнумда» 700 теңгеден жүр, сөйлескеннің нәтижесінде 450 теңгеден, 430 теңге болып тұр баға, деді Айнұр Тілеулеева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.Тұрақтандыру қоры мен қоймада картоп, сәбіз жоқ. Шығындары көп, АШМ бұйрығы бар, соның ішінде 2 түрі бар, бағаларды тежеудің. Біріншісі тұрақтандыру қорында сақтау. Ұстап отырып, тарату. Екіншісі кәсіпкерлікке төмен пайызбен беру. Біз екінші тәсілге көштік. Біз кәсіпкерлікке бердік, «талабымыз әлеуметтік дүкендерді өнімдермен толтырып тұрасың» деді Талғат Жақыпбаев, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.