Еліміздегі көлік саны отыз пайызға көбейген
Еліміздегі көлік саны отыз пайызға көбейген
2021 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 288 055 жеңіл автомобиль тіркелген деп жазады ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі.
Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 32,4%-ға көбейген. Еліміздегі 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3828,5 мың бірлікті құраған.
2021 жылғы қаңтар-сәуір айларында 3677 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5431 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,3%-ға кеміген.