Жаңалықтар

Қазақстанда кедейлік деңгейі жоғарылаған

Қазақстанда кедейлік деңгейі жоғарылаған

 width= Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы I тоқсанда 4,5%-ды құраған. Бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа жоғары деп жазады stat.gov.kz сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. Биылғы жылдың І тоқсанындағы кедейлік деңгейінің мәні Түркістан (9,1%), Солтүстік Қазақстан (6%) және Маңғыстау (5,8%) облыстарында байқалған. Кедейшілік деңгейі ең төмен аймақ – ол 1,6 пайыз көрсеткен Нұр-Cұлтан қаласы.