"Отырып қалмасам болар еді": Ерке Есмахан жеке өмірі туралы

21 Тамыз, 2019 550 0

Ерке Есмахан жеке өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі өнер иесі уақыттың қалай тез өтіп жатқанын байқамай қалғанын айтты. Қазір жаз бітіп жатса, көп ұзамай жаңа жыл, наурыз деп жүреміз дейді ол. Сәтсіз тұрмыс құрған Ерке Есмахан биылғы жылы отбасылы бола алмаған. Өнер иесі жеке өмірі жайлы айтып, отырып қаламын ба деп қобалжып жүргенін жеткізді.  

"Негізі уақыт зымырап жатыр. Ойлап көріңіздерші! Әне-міне дегенше, жаз бітіп қалды. Шамалы ғана уақыттан соң, қалың киініп ап, сықырлатып қар басып, жаңа жылға дайындалып жүреміз! Бәрі жақсы ғой, бірақ биылдан қалдым мен, ең болмаса келесі жылы отырып қалмасам болар еді суреттегідей! Бірақ, отырған Ерке орнын табар деп жұбатып қойдым өзімді! Дұрыс емес пе?" - дейді Ерке Есмахан. 

Желідегілер өнер иесін жұбатып, оның әлі жас, әдемі екенін жарыса жазған. Тағдыр жақсы ер адаммен жолықтырсын деп тілек білдірді олар. 

"Антонио бар ғой", "Жыл біткенше әлі біраз уақыт бар, қорқпасаңшы", "Атырауға күйеуге шығамын десең, 10 минуттан кейін алып кетемін", "Өте әдемі қызсыз. Бұйырса келесі жылы тұрмысқа шығып, тойыңызға барайық", - десті жұрт. 


Тегтер: ЕркеЕсмахан, отбасы, өмір, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.