Жаңалықтар

Маңызды кодекс - ӘРПК (АППК) туралы сарапшы пікірі

Маңызды кодекс - ӘРПК (АППК) туралы сарапшы пікірі

 width=
Елімізде 1 шілдеден бастап күшіне енетін ӘРПК әкімшілік орган мен оған қатысты осы әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі 2020 жылы 29 маусымда қабылданды.
Елімізде 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодекс туралы Академияның Түркістан облыстық филиалында мемлекеттік қызметшілерге арнайы дәрістер өткізіп жатқан тренер-сарапшы - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Меруерт Бейсенова жаңа құжаттың қыр – сырымен бөлісті.
Жаңа кодекс барлық әкімшілік органдардың орындауы үшін міндетті жаңа қағидаттарды бекітеді (сенім құқығын қорғау қағидаты, мөлшерлестік, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, соттың белсенді рөлі қағидаттары т.б.).

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін енгізу мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді, мемлекеттің жеке тұлғаларға қатынасын жақсартуға ықпал етеді және мемлекеттік билікті іске асыру дағдыларын арттырады деп айтуға толығымен болады. Ал, кодекске жаңа қағидаттарды енгізу әкімшілік органдардың жұмысын өзгертеді (бұрынғы тәжірибе мен ойлау өзгереді), сондай-ақ терең түсінік қалыптастырады деп ойлаймыз. Кодекстің тұжырымдамалық аппаратында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әкімшілік процедураны орнатуда шешуші рөл атқаратын «әкімшілік орган» және «әкімшілік акт» ұғымдарының анықтамалары бекітілген»,-дейді тренер – сарапшы.

Кодекстің тағы бір жаңашылдығы – ол әкімшілік әділет ұғымын қалыптастырады. Әкімшілік әділет мемлекет пен қоғам (азаматтар) арасындағы жаңа формат. Қазақстан үшін әкімшілік әділет жүйесі жаңа институт болып табылғанымен, бірақ әлемнің бірқатар елдері үшін мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың заманауи моделі болып табылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі