Ерлан Қиясов : Короновирустың үшінші толқыны болуы мүмкін
Ерлан Қиясов : Короновирустың үшінші толқыны болуы мүмкін

Соңғы аптада ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясының өсуі байқалды, өткен аптамен салыстырғанда науқастардың саны 1,5 есе өсті. Сондықтан біз сақтық шараларын күшейтеміз. Маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасы теміржол вокзалдары мен әуежайларға түгел енгізіледі. Вакцинация қарқын алуы керек, деді Алексей ЦОЙ, ҚР денсаулық сақтау министрі.Осы уақытқа дейін екпенің 4 млн-ға жуық дозасы қолданылған. Оның ішінде бірінші компонент- екі жарым млн-нан астам адамға салынды. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған адам ауырып қалса, екінші компонентті тек алты айдан кейін салдырған жөн дейді мамандар.
Бір көрсеткіштерге ғана сүйенбей,қазіргі күнде вакцинаны қолданған сайын, зерттеудің мөлшері де көбейіп жатыр ғой. Сондықтан жаңағы тек мысалы имуноглабулиндерге сүйенетін болсақ, ол жерге 21 күн кірді, ауырып шыққан адамға 6 ай кірді.Бірақ зерттеу жүргізгеннің арқасында қазір оны ұзартуға болады деген нәтиже шығып жатыр, деді Динагүл БАЕШЕВА, медицина ғылымдарының докторы, профессор.