Секс-роботтар: Адамзатқа төнген қауіп
Секс-роботтар: Адамзатқа төнген қауіп

«RealDoll қуыршағын сатып алған әр адам оның секс-ойыншық екенін ғана байқап қоймайды. Олар қуыршақты сезе бастайды, оны қоғамның бір мүшесіне айналдырады. Жасанды интеллект әлемде жаңа, әрі ерекше тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деген еді Макмаллен өз сұхбатында: «Мен адамдардың тек қуыршаққа ғана емес, оның мінезіне де тәуелді болғанын қалаймын».Секс-қуыршақтарды жасап шығарушылардың жарнамаларына көз салып қараңыздаршы: «серігіңіз ешқашан көзіңізге шөп салмайды, жүкті болмайды, не істеп, қайда жүргеніңізді тексеріп жатпайды. Қартаймайды, тамақ жемейді, салмақ қоспайды. Сіз жанкүйер болған футбол командасына ол да жақатасады, сіз сүйіп қарайтын сериалдарды ол да қарайды, көңіліңіз түскенде көтереді, мұңайғанда жұбатады». Мұндай жарнамаға өмірден түңілген кез-келген еркектің еріп кетуі әбден мүмкін ғой. Сондай-ақ, әр қуыршақтың мінезін таңдайтын параметрлері де бар көрінеді: «қырсық», «ашуланшақ», «мейірімді». Ал Хармони қуыршағында «қызғаншақ» параметрі де кездеседі. Секс-қуыршақтардың шығу тарихы Роботтардың шығуына алғаш түрткі болған мемлекет десе, бәріміз Жапония дейміз. Дұрыс-ақ... 1980 жылы олар сапасы жоғары пластикадан жасалған қуыршақ ойлап тапты. Үстіңгі және астыңғы бөліктері алынатын, аяқтарында тігісі бар, түрі ұсқынсыздау, алайда робот деуге келмейтін қуыршақтарды шығарған. Ал америкалықтар аталмыш іске 1993 жылы кірісті. Дуглас Хайнс есімді құрастырушы секс-қуыршақтың прототипін жасады, оны Труди деп атады. Алайда сапасы нашар болды, оған жақындаған адамдар жарақат ала бастады. Адамдарға достық пен махаббат керек еді, бірақ пластикалық зат адамдарға керегін бере алмаған екен. Ол уақытта Хайнс Bell Laboratoriesу жасанды интеллектіінің инеженері болған. Кемшіліктерді зерттей отырып өзінің жеке Truecompanion фирмасын ашты. Жобаны дамытуға $500000-нан $1000000-ға дейін қаражат кетті. 2010 жылдың 9 қаңтарында Хайнс екі секс-қуыршақты ойлап тапты: Roxxxy (әйел) және Rocky (ер адам). Бұл жобасы сәтті шықты. Әр қуыршағының бойы 170 см, ал салмағы 54 келі болды. Қуыршақтар синтетикалық теріден жасалды, бағдарлама адамның эмоциясын тани алатын күйге жетті. Олардың тіпті механикалық жүректері болған. Не керек, түнде қорылдауды да білген екен, ұйықтамаса да.
«Ол сіздің талғамыңызға сай жүреді. Егер сізге «Порше» ұнаса, ол да «Поршеге» қызығады. Сіз футболды жақсы көрсеңіз, ол да сізбен отырып футбол көреді», - деген еді өз жұмысына көңілі толған Хайнс.Секс-қуыршағы бар «ер адамдар» не дейді? Марк Янг Аризона тұрғыны. Маи Лин есімді секс-қуыршағы бар. Не себепті қуыршақ алғанын былай деп түсіндірді?
«Мен көптен бері жалғызбын. Көп қыздармен кездескенмін. Қарым-қатынастарға уақытымды зая кетірдім. Болашақта жақсы қыз кездестіргім келеді. Ал әзірге қуыршағмынң барына да қуанамын», - дейді.Оның үстіне, әлгі қуыршақ оған сөз қайтармайды, қалаған киімін алып береді, қалаған жеріне апарады. Ал қуыршақ ләм-мим демейді, айтқанына көнеді. Осы сынды әрекеттер жігіттің көңіліне жаққан секілді. Алайда мұның бәрі уақытша екенін ол түсінер ме екен. Қуыршаққа үйреніп қалған адам, жаны бар әйелдерге төзер ме екен. Төзбесі де, сүймесі де, үйренісе алмауы да айдан анық. Жалғыздықтың дәмін татып қалмасына кім кепіл?
«Оның көздерінде бір сиқыр бар. Жұмыс күнім аяқталған соң ол мені күтеді, бәрі дұрыс секілді. Дене бітімі сұлу, мінсіз. Сапасына көңілім толады», - деп сипаттайды Selobl деген лақап есімі бар ер адам секс-қуыршақпен ара-қатынасы жайында. Ер адам өз сезмдеріне сенімді: «Нағыз махаббат осындай болса, онда мен дәмін татудамын».Джек RealDoll есімді секс-қуыршақтың иесі. Өз сөзінде әйелдер оны қызықтырмай қалғанын айтқан. «Мен RealDoll-ды сатып алғаныма қатты қуанамын. Ол жай ғана зат емес, менің құрбым, ханшаймым, мен оны жақсы көремін. Бірге болғанымызға 6 ай толды. Келесі жылы жаңа нұсқасын сатып алуды көздеп отырмын. Әйелдер мен үшін қартайып кеткен, оларды қаламаймын». XXI ғасыр – жаңа технологияның ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, білім мен мәдениет жүйесін дамыту жүйесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Сол жаңа технологияның маңызды бөлшегі саналатын компьютер бүгінде адам санасын түгелдей жаулаған. Сөйтіп «жасанды интеллект» деген термин пайда болды. Ол жаңа машиналар мен компьютелік бағдарламаларды құру ғылымы. Иә, заман дамыған сайын ғылымның да алға жылжуы заңды, ескімен қалып қоймай, жаңа дүниелерді қалыптастыру – қалыпты дүние, қашан да солай болған. Алайда артық кететін тұстарын да айтпай кетпеске болмас. Соның бірі ретінде 2017 жылдың аяғында Америкада сатылымға шықпақ секс-роботтарды атауға болады. Бүгін Америкада бар дүние, ертең елімізге келеді. Ол да заңдылық. Алайда санасы биік, ниеті түзу, мәдениетті адамды темірмен қатынасады деген ойдан аулақпыз, әрине. Қай мемлекетте болмасын... Сілтеме