Ер адам маска киюін сұраған кассирге оқ атқан
Ер адам маска киюін сұраған кассирге оқ атқан

"Бетперде киюге қатысты дау болды, оның барысында қылмыскер қару алып, кассирге оқ жаудырды", — деді Мэлоди Маддокс округінің полиция басшысы.Қылмыскер 30 жастағы Виктор Ли Такер болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, кассирмен қақтығысқаннан кейін ол дүкеннен азық-түліксіз шықты, бірздан соң тапаншамен дүкенге қайта келген. Дүкеннің күзетшісі, отставкадағы полиция қызметкері болғандықтан тез әрекет етті. Қылмыскер екеуінің арасында атыс болды, нәтижесінде екеуі де жарақат алды. Такер дүкеннен шығуға тырысқанда ұсталды. Күзетші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамды бронижилет құтқарған. Тағы бір зардап шеккен адам екінші кассир болды, оқ оған жанамалай тиген. Дәрігерлер оған оқиға орнында көмектесті.