Жаңалықтар

Мүгедек бүлдіршінін өз қолымен ұрып өлтірген әйел сотталды

Мүгедек бүлдіршінін өз қолымен ұрып өлтірген әйел сотталды

 width=
Мүгедек бүлдіршінін өз қолымен ұрып өлтірген әйел сотталды Петропавлда мүгедек қызын ұрып өлтірген қатігез ана сот алдында жауап бере бастады. 22 жастағы келіншек кінәсін толық мойындады. Бірақ мұндай жауыздыққа не неге барғанын түсіндірмеді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  КТК теларнасын сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай ақпан айында болған. 22 жастағы жергілікті тұрғын үш жастағы мүгедек қызын аяусыз ұрып, қызы ауруханада бір жарым ай ес-түссіз жатып өлді. Прокурорлар бүлдіршін анасынан талай рет таяқ жегенін айтып отыр. Денесінде көптеген соққының ізі болған. Безбүйрек ананың сал ауруына шалдыққан перзентін өздігімен жүруге мәжбүрлейтіні айтылды. Соңғы мәрте адымдап баса алмағаны үшін ұрып-соққан. Ауыр жарақаттан бүлдіршін көз жұмды. Айыпталушы қызын некесіз босанып, кейін оны балалар үйіне өткізген. Ол жерден сәбиді анасының туыстары алып кетіп, кейін шешесі өзіне қайтарып алыпты. Прокурорлар оған аналық махаббаты емес, бүлдіршіннің мүгедектігіне берілетін жәрдемақы себеп дейді.

 Голошова мүгедек қызын төсекке сүйеп тұрғызып, баланың желкесінен оң қолмен ұрып, өмірлік маңызы бар органын зақымдаған. Ал сол қолымен бүлдіршіннің оң иығынан ұрып, ол еденге басымен құлаған. Содан есінен танған, дейді Юлия Сысоева, мемлекеттік айыптаушы.