Жаңалықтар

2021 жылы өмір сүруге ең қолайлы 10 қала

[caption id="attachment_54033" align="alignnone" width="848"] width= Суретте: Осако қаласы[/caption] Әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы қалалардың тізімін жаһандық рейтинг шеңберінде Economist Intelligence Unit (EIU) аналитикалық бөлімі жасады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»  сілтеме жасап. Тізімге әлемнің түкпір-түкпірінен 140 қала кірді. Бірінші орын Жаңа Зеландияның Окленд қаласына бұйырды. Окленд COVID-19 пандемиясының алдын алудағы қарқынды жұмыс, білім сапасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша ерекшеленген. Веллингтон – Жаңа Зеландиядан ТОП-10-ға енген тағы бір қала, бірақ алғашқы ондыққа Австралияның төрт қаласы кіреді: Аделаида 3-орында, Перт 6-шы, Мельбурн 8-ші және Брисбен бұл тізімді түйіндейді. Үздік 10-да Швейцарияның Женева мен Цюрих қалалары бар. Сондай-ақ Жапонияның Осака және Токио қалалары да өмір сүруге қолайлы қалалар қатарында. Пандемияға байланысты Еуропаның көптеген қаласы бұрынғы жоғары позицияларынан айырылып қалды. Мысалы, 2018 жылы бірінші болған Вена биыл 12-орынға түсті. Соңғы, 140-орында Сирияның Дамаск қаласы тұр. Оған себеп – елдегі соғыс салдары. 2021 жылы өмір сүруге ең қолайлы 10 қала: Окленд, Новая Зеландия Осака, Япония Аделаида, Австралия Веллингтон, Новая Зеландия Токио, Япония Перт, Австралия Цюрих, Швейцария Женева, Швейцария Мельбурн, Австралия Брисбен, Австралия