Жаңалықтар

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

 width= Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Атырау қаласының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол қалада уақытша тұру үшін тіркелгісі келген. Оның құжаттарын тексеру барысында полиция халықаралық іздеуде екенін анықтаған. 32 жастағы ер адамға Молдовияда жасалған қылмыс үшін айып тағылған болатын. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 291-бабы «Пара беру» бойынша жазасы кесілген. Бір жыл бұрын Ресейдің заң органдары оны халықаралық іздеуге жариялаған еді. Қазіргі уақытта оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.