"Айына 700 мың теңге!": Қазақстандағы ең жоғары жалақыны кімдер алады?

10 Шілде, 2018 1061 0

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп жұмысшыларының айлық деңгейін EnergyProm мамандары анықтап білді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жалпы есеп бойынша отандық өнеркәсіп қызметкерлерінің айлықтары бір жылда 11%-ға, сатып алу қабілеті 4%-ға өскен екен.

2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша қазақстандық өнеркәсіп қызметкерлерінің орташа айлығы 223,3, мың теңгені құрайтын көрінеді.

Өнеркәсіп жұмысшыларының ішінде жоғары деңгейлі айлықты тау-кен және карьерлерді қазбалау қызметкерлері алатын болып шықты. Оларды айлығы - 366,2 мың теңге, яғни 13%-ға өскен.

Мұнай-газ саласында жүргендердің айлығы өте жоғары. Аталмыш сала қызметкерлері 716,1 мың теңге алады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13,5 %-ға көп.

Тау-кен өндірісінің техникалық қызмет жұмысшылары да жақсы табыс табады екен. Олардың айлығы - 418,7 мың теңге.

Көмір өндіру саласының қызметкерлері 246 мың теңге алады, яғни бір жылда айлық мөлшері 2,2%-ға өскен.

Қайта даярлау қызметкерлері айына 172,3 мың теңге табыс табатын болып шықты, яғни айлықтары 11,9%- ға өскен.

Бұл салада ең көп қаражатты табак өнімдерін дайындайтындар табады. Олар айына 708,1 мың теңге айлық алатын көрінеді. Одан кейін кокс шығарушылары мен мұнай өндіру мекемелерінің қызметкерлері тұр. Олардың айлықтары 343,8 мың теңгені құрайды. Түсті металл өндірісінің жұмысшылары да 261,4 мың теңге айлық алады екен.

Одан кейінгі сатыда электр/жылу/газбен қамсыздандыру саласының қызметкерлері тұр. Олар айына 148 мың теңге алатын көрінеді. Ал канализация мен сумен қамтамасыз ету мекемелерінің қызметкерлері айына 104,9 мың теңге алатын болып шықты.

 

Тегтер: жалақы, айлық, қазақстан, экономика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.