2024 жылы нарықта ұшатын такси пайда болады
2024 жылы нарықта ұшатын такси пайда болады
АҚШ-та әуе таксиі пайда болады. Ол электр энергиясымен ұшады. Идея авторлары жаңа көлік түрі қаладағы кептелісті жойып, адам тасымалдау бизнесінде үлкен бәселестік тудыруы мүмкін деп отыр. Әуе таксиінің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жетеді. Толық заряды жүз шақырымға дейін жарамды. Оған бір мезетте 4 адам отыра алады. Ұшатын таксилер нарыққа 2024 жылы шығады. Қазір бұл жоба АҚШ-тың Азаматтық авиация басқармасында тексерістен өтіп жатыр.
Біз адамды күні-түні тасымалдай алатын көлік құралын жасадық. Әуе таксиі жолаушылар түсіру және мінгізу кезінде қуатталады. Ол жер бетінде 10 минутқа ғана бөгеледі. Біздің мақсатымыз – үлкен қалалардың адамдардың өмір салтын өзгерту, деді Адам Голдстайн, идея авторы.