Ғалымдар Түркістанның «жасыл аймағын» құру бойынша өз ұсыныстарын білдірді
Ғалымдар Түркістанның «жасыл аймағын» құру бойынша өз ұсыныстарын білдірді
Түркістанның "Жасыл аймағы Нұр-Сұлтан қаласының “Жасыл аймағының" аналогы ретінде құрылуда.
Бүгінгі таңда елді мекендерде көгалдандырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған Жасыл аймақ құрылған. Тек климаттың қолайсыздығы кедергі. Жазда ауаның температурасы 35 градустан асады. Ылғалдылық өте төмен. Жауын-шашын өте аз. Үлкен жұмыс атқарылуда. Питомниктер құрылуда. Түркістан маңында 30 мың гектар алқапта "Жасыл аймақ" құрылады. Мұнда ыстыққа төзімді ағаш түрлері отырғызылады", - деді сарапшы.
"Қалалардың айналасында "жасыл аймақтар" құру - өте маңызды іс-шара. Біз Қазақстан қалаларының айналасында "жасыл аймақтар" құру және сақтау жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар бере аламыз. Түркістанның айналасында атқарылған жұмыстар, бұл - титаникалық еңбек, қажырлы жұмыс. Себебі осындай климаттық жағдайында бұл "жасыл аймақты" құру өте қиын. Ауа температурасы өте жоғары, құрғақшылық. Бұл жайттар кері әсерін тигізері сөзсіз. Көгалдандыру жұмыстарында барлық қажетті нормалар сақталған. Сондықтан бұл үлкен еңбек өз жемісін беруде", - деді Кабанова.