«Хабар» телеарнасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы деректі фильм ұсынады
NewsRoom
«Хабар» телеарнасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы деректі фильм ұсынады
«Хабар» Агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы «Преодоление» атты екі бөлімнен тұратын деректі фильм ұсынады.
Фильмде Тәуелсіз Қазақстанның екінші Президентінің жеке тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады және оның саяси жолы көрсетіледі.
Бірінші бөлім Мемлекет басшысының өмірбаянындағы қызықты фактілерге арналған. Екінші бөлімде көрермен саяси қызметтің тиімділігін бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы еңбегі мен беделітуралы біле алады. «Преодоление» деректі фильмінің бірінші бөлімін11 маусым күні, яғнибүгін21:30-да, екінші бөлімін12 маусым күнісағат 22.00-де«Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Ал 13-ші маусымжексенбі күні сағат 22.00 мен22.40-та екі бөлімнің де қайталауын көруге мүмкіндік ала аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=xG__O0PNvdk