Елде бірінші болып чип салдырған қырғызстандық азамат өз оқиғасымен бөлісті
Елде бірінші болып чип салдырған қырғызстандық азамат өз оқиғасымен бөлісті
Қырғызстанда ер адам елде бірінші болып чип салдырған азамат атанды.
"Тері астына чип салу идеясы екі жыл бұрын пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ойланып, ақпан айында шешім қабылдадым. Біріншіден, бұл ыңғайлы және заманауи. Цифрлық технологияға үйренгеніміз соншалықты, әмияндағы орынның 80 пайызын ақша емес, төлем және жеңілдік карталары алады. Қалталар кіреберістердің, лифтілер мен кеңселердің кілт карталарымен толып тұр.
Екіншіден, биохакинг – әлемдегі танымал қозғалыс. Неліктен көп нәрсені алмастыратын қарапайым чип бола тұра, жоғалтатын немесе ұрланатын затты алып жүру керек?" – дейді ол. Ер адам имплантацияланған чип ұзындығы 14 миллиметр тәуелсіз жады мен кішкентай антеннасы бар құрылғы екенін айтты. Имплантацияға арналған чипі, шприці, зарарсыздандырылған құралдары мен материалдары бар жинақ 89 доллар тұрады екен.
"Менің чипім деректерді берудің екі стандартын қолдайды - NFC және RFID. Мен оны арнайы сайттан тапсырыс беріп алдырдым", – деді ол.
https://youtu.be/Z0yYMB_MGaI