Қуаңшылыққа қарамай Аралда төтенше жағдай жарияланбайды! Ал Маңғыстау ше?

Қуаңшылыққа қарамай Аралда төтенше жағдай жарияланбайды! Ал Маңғыстау ше?

Осы жылы қыс ұзаққа созылып, жауын-шашын аз түскен. Шөп пен мал азығы тапшылығына байланысты наурыз-сәуір айында жеті ауылда 300-ден астам жылқы мен 150-ге жуық ірі қара қырылған. Осы ретте Ақтөбе облысы мен көрші аудандардан 500 тоннадан астам жем-шөп, мал азығы жеткізілді. Одан бөлек, шаруаларға төмендетілген бағамен беру үшін азық-түлік корпорациясынан қосымша өнім алу жоспарланып отыр», дейді Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі.Облыстағы стратегиялық маңызды құрылыстардың бірі шыны шығаратын зауыт. Пандемияға байланысты мұндағы жұмыс қарқыны да бәсеңдеген. Себебі дәнекерлеуші мамандар тапшы екене. Зауыттың ашылу мерзімі осы жылға жоспарланған-тын. Алайда нақты уақыты туралы жауаптылар жақ ашпаған. Облыс басшысы ірі нысанның кермесі қиылатын күнді атады.
«Пандемияға байланысты ұзақ уақыт бойы мамандар әкеле алмады. 49 маман келді. Олар өз елдерінде вакцина алды. Пешті төсеу белсенді жүріп жатыр, мен мезгіл-мезгіл зауытқа барамын, қараймын, төрт ай ішінде қалған жұмыстар аяқталады деп үміттенемін», деді Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Қызылорда облысының әкім .«Әкім жолдардың жағдайын өз көзімен келіп, көрмейді". Осы сарындағы сыни шағымдар журналистерге жиі түсетіні туралы брифингте айтылды. Аймақ басшысының жауабы белгілі. «Жолдарға бөлінген ақшаны жоспар бойынша жаратып келеміз», - дейді Десе де барлығын бірдей қамту мүмкін емес.
«Аударма: нақты белгіленген кесте бойынша жасалып жатыр жұмыстар. Менің жолдарға жауапты орынбасарым соңғы екі айда өңірдегі жолдардың жағдайын бақылап келді..., деді Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Қызылорда облысының әкімі»Маңғыстау облысы да биыл қуаңшылықтың құрсауында қалды. Мыңға тарта төрт-түлік қырылды. Түпқараған, Маңғыстау аудандарында шөп шықпаған. Енді өңірге жемшөп жеткізу мәселесі қаралып жатыр.
«Өңірдегі қуаңшылық жағдайына орай, мал басын сақтап қалу мақсатында жем-шөппен қамту шараларын қабыладу үшін арнайы штаб құрылды. Ақтөбе облысымен меморандумдар жасалды. Бұл мақсаттарға тиісті қаражат қарастырылды», дейді Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі.Облыстың денсаулық сақтау саласына 200-ге жуық медицина маманы жетіспей отыр. Кадр тапшылығы білім беру саласында да сезілуде. Ауыл-аймақты айтпағанда, жастар облыс орталығына келуге де құлықсыз көрінеді.
Біз негізгі қалаларымыздағы осы мәселелерді шешу үшін өткен жылы бюджеттен арнайы Жаңаөзен қаласына 2220 млн теңге көлемінде тұрғын-үй сатып алу үшін қаражат бөлінді. Қазір 25-тей маманды Жаңаөзен қаласына үймен қамтамасыз етіп, денсаулық сақтау саласына қызмет көрсету үшін шақырылды мамандар», дейді Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі.Серікбай Трұмов Маңғыстау өңірі инвестиция тарту бойынша үздік аймақтардың қатарында екенін атап өтті. Биыл облыста 270 млрд теңгеге 12 жоба іске асырылмақ. Осылайша, 2 600 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр, дейді. https://www.youtube.com/watch?v=q_Zz69pWflQ