"Тальгодағы" зорлық: Бердоңғаров сотталғандардың ата-анасының сұхбатын жариялап, өкініп қалды

19 Тамыз, 2019 468 0

Тәңірберген Бердоңғаров Instagram желісінде «Тальго» пойызындағы зорлық оқиғасынан кейін сотталғандардың ата-анасының сұхбатын жариялады. Алайда артынша бұл әрекетіне өкініп қалды. Мұның дұрыс емес екенін түсіндім, деп жазды ол, деп хабарлайды Stan.kz

Сотталғандардың бірінің әкесі Бердоңғаровқа берген сұхбатында оларды кінәсіз деп санайтынын айтты. 

«Екі бала да кінәлі емес. Бұл жерде таза әдейі жасау болып тұр. Ол ақшаның жоқтығынан немесе темір жолдан өшін алып, ақша алайын деп отыр», - дейді сотталғандардың бірінің әкесі.

Осылай деген ер адам оқиғаның қалай болғанына қатысты өз нұсқасын айтып берді. 

«Астана-Ақтөбе бағытындағы «Тальго» жүйрік пойызы. Соған уақытында келіп, пойызға мініп, вагонға барып, купесінде шешініп, мейрамханасына барады. Сол жерге кірген кезде Оралға жол жүріп бара жатқан екі жігіттің ортасына отырады. Ол – ғылым докторы. Бос орындар тұр, сол жерге отыруына болады ғой. Жоқ, ол сыра ішіп отырған жігіттердің қасына барып отырады. Сол жерде олармен бірге сыра ішеді. Ол сырларын білдіре бастаған кезде, екі жігіт демаламыз деп кетіп қалады. Ол сыра ішіп жалғыз өзі қалады. Сол кезде өтіп бара жатқан жолсеріктен ішке бара жатқаны туралы сұрап, онымен бірге ішке бармақ болады. Содан кейін өз купесіне барады. Жолсерік шығып бара жатқан кезде, әйел оның қолынан тартып, сәл отырып, әңгімелесуін сұрайды. Сөйтіп, өзінің жағдайын айтады», - дейді ер адам.

Сотталушының әкесінің сөзінше, ғылым докторы атанған әйел жолсерікке өзін қаржы полициясы іздеп жатқанын, салық төлей алмай жүргенін, жағдайының нашар екенін айтқан.

«Екеуі шамалы отырғаннан кейін, әйел жолсерікке: «Ақшаң болса, сыра әкеліп берші», - деген. Ол сыра әкеліп береді. Оның чектері, қағаздары бар. Сөйтіп, қайтадан әңгімесін бастайды. Бір станцияға келгенде, сыртқа шығып, шылым шегеді. Қайтадан ішке кіргенде, әйел оған: «Қасымда қалсаңшы, алғыс білдіремін», - деген сыңайда айтады. Содан соң жолсерік қалады. Содан шаруа болады, жігіт шығып кетеді. Бірақ итермелеп жасалған әрекет емес», - дейді ол. 

Ер адамның айтуынша, осыдан кейін купенің жанынан басқа жолсерік өтіп бара жатқан. Сол кезде әйел оны шақырып алған, дейді.

«Әйел оған әдемі, мықты жігіт екенін айтып, өзіне тарта береді. Сөйтіп, сол жерде қалып қояды. Артынша, ол (жолсерік – ред) рахметін айтып шығып кетеді. Телефонын әдейін алып қалды ма, әлде қалып қалды ма, білмеймін. Бірақ телефонын алуға барғанда, әйел оның қолынан ұстап, «ұсталдың» деп күліп тұрып айтқан. Содан кейін полицияға қоңырау шалып, өзін Ақтау қаласының әкімінің орынбасары деп таныстырған. Сөйтіп, полиция келеді. Ертеңіне Ақтөбеде түсіп, сол жерде ішімдік ішкен-ішпегенін анықтауға барған. Екі жолсерік ішпеген, қызды апарса, ол да ішпеген болып шыққан. Ал негізі пойызда 16 шөлмек сыра ішілген. Содан кейін сот-медицина сараптамасына барғанда, қыздың үстінде бір сызық, көгерген із болмаған. Денесі таза екені туралы қорытынды берілген. Психиатрға алып барғанда, ол да қыздың таза екенін, зорлық белгілері жоқ екенін айтқан», - дейді сотталушының әкесі.

Оның айтуынша, әйел үш күннен кейін басқа емханаға барып, денесін әдейі көгертіп, анықтама алған.

Сонымен қатар тағы бір сотталған жолсеріктің анасы да оларды кінәсіз деп санайтынын жеткізді.

«Ұлым өзіне жала жабылып жатқанын айтты. ... Бізде әйелдің ұлымның зорламағаны туралы айтқанының куәсі бар. Бұл мәселені екі жақты қарауы керек. Ол неге екеуінен 3 млн теңгеден сұрайды?» - деген сотталушының анасы да әйел мұндай әрекетке ақша алу мақсатында барды деген пікірін айтты.

Осылай деп даулы оқиғаға қатысты өз шындығын айтқан ата-ананың сұхбатын жариялаған Тәңірберген Бердоңғаров артынша мұның дұрыс болмағанын жеткізді. Әр тараптың өз шындығын айтуға құқығы болуы керек, дейді.

«Қоғамдық дауды ескергенде, бұл диалог жария түрде өтуі тиіс. Әзірге бұл болған жоқ. қазір жолсеріктің ата-анасынан дау мен түсінбеушіліктің нүктесін қою туралы ұсыныс түсті. Олар екінші тарапты сейсенбі күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтанда диалог өткізуге шақырып отыр», - деп жазды Тәңірберген Бердоңғаров. 


Тегтер: Тальго, пойыз, зорлық, сот, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.