Қазақстандық «111» сенім қызметі турасында не айқын

01 Мамыр, 2019 380 0

Қазақстанда 2017 жылдан қарағанда 2018 жылы жастар арасындағы суицид фактісі 3,9 %-ға төмендеген яғни 654-тен 628-ге. Ал осы жылдың ақпанында ҚР білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер балалар арасындағы суицид фактісінің көбейіп кеткендігін хабарлаған еді. 2017 жылмен салыстырғанда балалар арасындағы суицид жайы 6,6 % өскен, деп мәлімдеген болатын кеңесші. ЮНИСЕФ зерттеулері көрсеткендей қазақстандық балалардың 62 % жуығы зорлық-зомбылық пен дискриминацияға ұшыраған.

Мұндай жайттардың кез келген қоғамда орын алатынын есепке алсақ, оның алдын алу фактілері де қарқынды жүргізілетіндігі де түсінікті. Осы орайда Қазақстанда 2016 жылдан бастап Үкіметтің қолдауымен әрі халықаралық ұйымдармен әріптестік аясында балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетіп, оларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы «111» сенім телефоны іске қосылған еді. Жедел желіге кез келген жеткіншек тегін қоңырау шалып, өзін мазалаған сұрақтарға жауап алып, яки тұрмыстық зорлық-зомбылық, өзге де тараптардан болған қысымдар туралы немесе өзін мазалаған кез келген сұраққа жауап тауып, қолдауға ие бола алады. 2017 жылғы көрсеткіш бойынша 7 мың балаға көмек көрсетіліп, оның 111-нің өмірін сақтап қалу мүмкін болған. Көмекке көбіне кәмелет жасқа толмаған балалар жүгінеді екен. Мамандар желі іске қосылған бір жыл уақыт аралығында 103 суицид фактісінің алды алынып, қатыгездік жасау бойынша 42 фактінің жолы кесілген. Ал ересектер тарапынан жыныстық зорлыққа тап болған жеті жеткіншекке мамандар тарапынан психологиялық көмек көрсетілген.

Ал 2016 жылдан 2018 жыл аралығында сенім телефонының қызмет ету нәтижесінде 119 жанның өмірі құтқарылып, қатыгездік жасау фактісі бойынша 53 ситуацияның алды алынған, сондай-ақ 4095 психолгиялық, 1840 заңгерлік кеңестер жүргізіліп, сенім телефонының операторлары жалпы есепте 8132 кеңес ақпараттық-анықтамалық кеңес өткізген.

Атап өтерлігі сенім қызметі тек балалар мен жасөспірімдерге ғана көмек көрсетумен шектелмейді. Республиканың кез келген азаматы хабарласа алады. Кез келген республика азаматының жасына, жынысына, географиялық орнына қарамастан, тәулік бойы мекенжайлық, психологиялық, заңдық тұрғыда көмек беріледі. Қызметке хабарласу - тегін.

Жедел қызмет түрі азаматтардың әлеуметтік-психологиялық мәселелеріне телефон арқылы кеңес беріп, қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін бағамдап, қызмет етуге бейілді.

Сенім қызметі іске қосылған үш жыл уақыт аралығында жемісті жұмыс істеп келеді. Жақын болашақта қазақстандық бұл бастаманың ауқымын кеңейту жайын бұған дейін Мәжіліс депутаттары тілге тиек еткен еді. Яғни отандық 111 қызметінің желісін бүкіләлемдік «Child help line» желісіне қосып, бар әлемдегі балаларға көмек қолын созып, қолдау таныту бастамасы қолға алынбақ. Бұл Қазақстанда әлеуметтік қызмет түрінің жетіліп келе жатқандығына әрі оны әрі қарай дамытуға тың серпін берері анық.

Тегтер: 111, қызмет, қазақстан, телефон, сенім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.