Қазақстандық ғалым : Жыл сайын вакцина салдыру керек
Қазақстандық ғалым : Жыл сайын вакцина салдыру керек
Қазақстандық ғалым COVID-19-ға қарсы вакцинаны жыл сайын салу керегін айтты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева коронавирусқа қарсы вакцинаны жылда және балаларға да салу керегін мәлімдеді.
"Вакцина салдыру деген сөз - арнайы, күші жойылған вирусты ағзаға жіберу. Ағзаға түскен ол вирус ауру туғыза алмайды. Бірақ ол иммунитеттің оны зерттеп, есте сақтауы үшін жеткілікті. Сондықтан, вакцина салдырған адамның вирус жұқтыру қаупі төмен, жұқтырған күннің өзінде ауру жеңіл өтеді. Кей вакцина адамды сол аурудан өмір бойына сақтай алады, мысалы - қызылшаныкі, бірақ ол үшін вирус өзгермеуі керек", - деді Егембердиева Алматы әкімдігі ұйымдастырған онлайн-сұхбат барысында.