Жаңалықтар

Моңғолияда президенттік сайлауда бұрынғы премьер-министр жеңіске жетті

Моңғолияда президенттік сайлауда бұрынғы премьер-министр жеңіске жетті

 width= Моңғолияда президенттік сайлауда осы елдің бұрынғы премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух жеңіске жетті. Алдын ала санаққа қарағанда Моңғолия халықтық партиясының төрағасы сайлаушылардың 68 процентін қолдауына ие болған. Оған 776 мың адам дауыс берген. Ал оның қарсыласы экс-депутат Дангаасурэнгийн Энхбатты сайлаушылардың 20 проценті қолдаса, оппозициялық Демокартиялық партия өкіліне 76 мың азамат дауыс берген. Еске сала кетейік, Моңғолияда президенттік сайлау кеше өтті. Шараға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 52 проценті қатысқан.