Абай эстафетасы Өзбекстанда

17 Тамыз, 2019 489 0

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай поэзиялық эстафетаны Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды қабылдап алды. Бұл туралы елшіліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары хабарлады деп жазды newsroom.kz порталы.

Д.Сатыбалды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығарушы палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловтан аталмыш эстафетаны қабыл алып, оны жалғастыру мақсатында Абай Құнанбайұлының «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлең шумақтарын оқыды.

Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын Минхожиддин Ходжиматовқа және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына жолданған эстафета биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен Ұлы ақынның 175 жылдығына орайластырылып отыр. Айта кететін жайт, Қасым-Жомарт Кемелұлына бұл эстафетаны 9 жасар мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы жолдаған болатын.

Бауырлас елдегі елшілігіміздің жаңа ғимаратының алдына Ұлы ойшыл ескерткіші қойылғандығын да қоса кеткен жөн. Ресми Ташкент 2019 жылы Қазақстан жылын тойлап жатқан тұста осындай эстфеталардың жолдануы нұр үстіне нұр болары анық.


Тегтер: абай, қазақстан, тоқаев, эстафета, өзбекстан, ташкент, дархан, сатыбалды

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.