Сынға ұшыраған Цойдың министрлігі депутаттарға жауап берді
Сынға ұшыраған Цойдың министрлігі депутаттарға жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері депутаттардың медициналық қызметтер сапасына халықтың көңілі толмайтыны және ведомство басшысы Алексей Цойдың халық алдында ашық болуы туралы сынына жауап берді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз орынбасарлары сияқты тұрақты түрде өңірлерге шығып тұрады, облыс жетекшілері мен денсаулық сақтау басқармалары басшылары деңгейінде ғана емес, медициналық жұмысшылар мен медұйымдардағы азаматтармен де кездесу өткізеді", - деп сендірді министрліктегілер.Баспасөз қызметіндегілердің хабарына қарағанда, 4 сәуірде Цой тіркелген тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналауға дайындығын тексеру үшін № 4 елордалық емханаға барған. 15 сәуірде министр Алматы облысына барған, ал 27 сәуірдепремьер-министр Асқар Маминнің жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысына барып, медициналық нысан мен өңірдегі вакциналау қарқынын тексеріп қайтқан.