Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер меритократияға сене ме?

16 Тамыз, 2019 359 0

Бұл жайында Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен өңірдегі мемлекеттік қызметтегі кадрлық жағдайдың жай-күйі, әдеп ережелерін сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Байгебаев айтып берді.

Спикер мемлекеттік қызметтегі кадр жағдайының мониторингі, мемлекеттік органдардағы конкурстар, меритократия принциптерінің сақталуы,  мемлекеттік органдардағы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша баяндап, мемлекеттік органдар тарапынан жиі жіберілетін кемшіліктерге тоқталды.

Өңірде қолданыстағы заңнама аясында256бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жарияланып, оған506үміткер қатысқан, нәтижесінде бос орынға 127 үміткер тағайындалуға ұсынылған. Ішкі конкурс бойынша 54 (жалпы конкурс бойынша - 73) тағайындалса, оның ішінде мансаптық көтерілу бойынша34(63%) жоғары лауазымға тағайындалған.

«Б» корпусының бос лауазымдарына өткізілген конкурстардың құжаттарына зерделеу барысында Қағида талаптарының сақталмайтындығы және олар бойынша бірнеше қызметкерлер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің мансаптық көтерілуіне, сонымен бірге объективті және ашық іріктеу жүргізудің жүйелі тұрғыда барлық жағдай жасалған.

2016 жылдан бастап ішкі конкурс институты енгізіліп, конкурстан тыс тағайындаулар азайып, техникалық жазба құралдары және бақылаушылар институты қолданылып, әңгімелесудің ашықтығы қамтамасыз етілуде.

2019 жылдың басынан бері облыста ішкі конкурстар нәтижесінде жоғарғы тұрған лауазымдарға 80 адам тағайындалды (54,1%); оның ішінде:

-         ЖАО – 34(63%),

-         ОАО АБ - 46(48,9%).

Сонымен бірге, Аумақтық департаменттің бастамасымен ағымдағы жылы маусым айының 30-ы мен тамыз айының 5-і аралығында өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің жұмысына көңілі толуы деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді, сауалнамаға әлеуметтік қамтамасыз ету,меритократия принциптерінің сақталуы, ішкі конкурстарға қатысу белсенділігін анықтау мақсатындағы сұрақтар енгізілді.

Сауалнама 1748 мемлекеттік қызметшіні қамтыды, олардың ішінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері –931 адам және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері 817 адам.

Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері  бойынша (817 адам)

Сауалнаманың қорытындысы бойынша59,1%(483 адам)мемлекеттік қызметтегі атқаратын лауазымы олардың қойған мақсаттары мен үміттеріне сай келеді, 40,9% (334) білімі мен тәжірибесіне сәйкес мансаптық жоғарылауды қалайды.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына көңілі толмауының себебі:  

Ø  респонденттердің 69,1% (565) қанағаттандырады; 

Ø  14,7% ( 120) пікірінше мансаптық өсу мүмкіндігінің жоқтығы мен меритократия принциптерінің бұзылуы;

Ø  7,8%( 64) жақсартуды талап ететін сәттер де бар;

Ø  4,5% (36 ) басшылардың қарым-қатынасының оң болмауы деп есептейді;

Ø 3,9% (32) жауап бермеген.

Мансаптық өсуге қатысты:

Ø 54,2%(443) қолдауды өте жақсы сезінеді;

Ø  24,9%(203)ешқандай қолдауды сезбейді;

Ø 20,9%(171)таңдаулыларға ғана қолдау көрсетіледі.

Мемлекеттік органдағы ішкі конкурстардың ақпараттандырылуы бойынша:

Ø 28,8%(235)осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстар туралы жалпы жиналыстарда хабарланып, ұжымның назарына жеткізіледі;

Ø 64,8%(530)  барлық кезде хабардар бола бермейді;

Ø  Бос лауазымдардың болмауына байланысты конкурстарға қатыспағандардың үлесі –6,4%(52).

Мемлекеттік органдағы өткізілген ішкі конкурстарға қатысуы бойынша:

Ø 14,5%(119)осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысқан;

Ø 24,1%(197)жеңімпаздар алдын ала белгіленіп тұрады деп есептеп, ішкі конкурсқа қатыспаған;

Ø  Қатысқысы келмегендер –61,4%(501).


ЖАО бойынша (931 адам)

Сауалнама нәтижесі бойынша 83,8%(780 адам) мемлекеттік қызметтегі атқаратын лауазымы олардың қойған мақсаттары мен үміттеріне сай келеді,16,2%(151) білімі мен тәжірибесіне сәйкес мансаптық жоғарылауды қалайды.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына  көңілі толмауының себебі:   

респонденттердің 86,6%(807) қанағаттандырады, 6,9% (64 ) пікірінше мансаптық өсу мүмкіндігінің жоқтығы мен меритократия принциптерінің бұзылуы, 5,2%(48) жақсартуды талап ететін сәттер де бар,1,3% (12) басшылардың қарым-қатынасының оң болмауы деп есептейді.

Мансаптық өсуге қатысты:

97,2%(905)қолдауды өте жақсы сезінеді,1,4%(13)ешқандай қолдауды сезінбейді,1,4%(13)таңдаулыларға ғана қолдау көрсетіледі.

Мемлекеттік органдағы ішкі конкурстардың ақпараттандырылуы бойынша:

Ø 86%(801)осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстар туралы жалпы жиналыстарда хабарланып, ұжымның назарына жеткізіледі;

Ø 5,6%(50)барлық кезде хабардар бола бермейді;

Ø  Бос лауазымдардың болмауына байланысты конкурстарға қатыспағандардың үлесі -8,4%(80).

Мемлекеттік органдағы өткізілген ішкі конкурстарға қатысуы бойынша:

Ø 38,6%(360)осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысқан;

Ø 21,8%(199)жеңімпаздар алдын ала белгіленіп тұрады деп есептеп, ішкі конкурсқа қатыспаған;

Ø  Қатысқысы келмегендер -39,6%(372).

Сауалнама нәтижесі бойынша өткізіліп жатқан конкурстардың ашықтығы мен әділдігіне күмән келтіретін тұстардың бар екендігін көруге болады. Мұның дәлелі, сауалнамаға қатысқандардың 49,9% конкурсқа қатыспағандығын көрсетеді.

Осыған байланысты, меритократия принциптерін міндетті түрде сақтауға қатысты шешім қабылдауды қолға алу қажет. Аумақтық департаментпен жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша Агенттікке тиісті ұсынымдар жолданды.

Сөзінің соңында спикер мемлекеттік қызметті өткеру бағытында орын алған кемшіліктерді одан әрі болдырмауға әрекеттену және күнделікті қызметте меритократия принциптерін қатаң сақтау қажеттігін баса айтты.


                                                                         

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Маңғыстау облысы  бойынша департаментінің   

баспасөз қызметі


Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.