Қарауылтөбе тұрғындарының талабы: «Әкімдік жайылым жер тапшылығын шешіп берсін»
Қарауылтөбе тұрғындарының талабы: «Әкімдік жайылым жер тапшылығын шешіп берсін»

Екі жеті біз аяқ сусыз отырдық. Алақандай жерге еккен нәрсеміз сарғайып бара жатқасын шу шығардық .Шу шыққаннан кейін барып сол қоршауды алып, негізі аяқсудың сағасын ашып қою керек. Сағаны қоршауға болмайды, темірмен қоршаған, ешкім қарамайды. Әкімнің де сөзі өтпейді», деді Күнсұлу ТҰРЫМБЕТОВА, Қараултөбе ауылының тұрғыны."Сөзі өтпейтін" әкіммен де жүздестік. Ауылдағы жағдаймен таныспын деген шенді зерттеу инстутымен тағы да келіссөздер жүргіземіз деп ақталды.
«Жер жоқ бізде мал жайылатын. Осыған байланысты халық жиналған. Енді қазір ғылыми-зерттеу институтының басшыларымен мал жайылымдық жерлерін келісе жатармыз. Жердің тапшылығы, таршылығы болып тұр енді бізде», дейді Сейілбек ТАЙМАНОВ, Қарауылтөбе ауылдық округының әкімі .Алайда, "Қазақ күріш шаруашылығы" зерттеу институының басшылығы әкімдікпен келісім жасалғанын алға тартып, жайылымға жер бердік деп ақталды.
Жалпы біз 5 гектардың барлығын қоршаған жоқпыз, оған мүмкіндігіміз де келмейді. Негізі 1400-дей гектар жерімізді сол жерде қоршалды. Сол жерде егін егіледі. Өйткені ол қоршау болмаса жалпы халықтың малы келіп, біздің зерттеу жұмыстарымыздың барлығын бүлдіретін жағдайы бар. Сол себептен қоршап, сосын осы Қарауылтөбе ауылдық округының әкімдігімен келісім шартқа отырып, тегін негізінде халыққа жайылым беріп отырмыз», деді Нұрбол АППАЗОВ, "Қазақ күріш шаруашылығы" ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы .Осылайша тараптардың сөзі бір-біріне кереғар шықты. Ал, тақыр жерде мал жайып отырған қарауылтөбеліктер басқа ауылдардағыдай бізге де егіндік пен жайылымдық жер 49 жылға жалға берілсе екен, дейді. Сол кезде жергілікті билікке қол жаймай-ақ өз күнімізді өзіміз көреміз деп отыр. https://www.youtube.com/watch?v=0oidLQ0_G10