Жаңалықтар

Теміржолшылар құжаттарын 14 жыл реттей алмай бүгін ұлттық компанияға басып кірді 

Теміржолшылар құжаттарын 14 жыл реттей алмай бүгін ұлттық компанияға басып кірді 

   width= Ал, Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданның теміржолшылары 14 жылдан бері баспаналарының құжатын ретке келтіре алмай әлек. 2007 жылы ауданға қарасты Шеңгелді ауылынан 385 теміржол қызметкеріне тегін жер беріп, Алғабас елді мекеніне қоныс аудартқан. Дау сол кезде басталыпты. Яғни құжаттың жоқтығынан тұрғындар әлеуметтік көмектен қағылып, үйлерінің коммуналдық мәселелерін шеше алмай жүр. Ал, бүгін жағдайларын айтып ұлттық компанияның жергілікті бөлімшесіне жиналған тұрғындар басшыларды іздеп есіктен емес, терезеден кіруге мәжбүр болды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «-15 жылдан бері жанайқайымен жүрген қара теміржолшылармыз. Аш есігіңді. Бізге бастығының мен юристінің керек. Басқа ешқайсың керек емес». Күннің ыстығына қарамастан Шымкентке бала-шағасын ерте келген Сарыағаш тұрғындары "Қазақстан темір жолы" мекемесіннің бөлімшесіне кіре алмай қалды. Мәселесін айтып келгендерді көрген күзетшілер есіктерін тарыс құлттап, қашып кеткен. Жиналған халыққа жауаптылардың бұл әрекеті мүлдем ұнамағандықтан, мекемеге басқаша кірудің жолын тапты. Теміржолшыларды 2007 жылы Шеңгелді елдемекенінен Алғабас ауылына аудан әкімдігі көшіріп жіберген көрінеді. Жайлы үйімізді тастап, көшіп барғанымыз бекер болды, дейді олар. Себебі, сол кезде 285 отбасыға берілген жердің 81-і қызыл сызықта болып шыққан. Одан мүлдем бейхабар тұрғындар қарызданып жүріп баспана тұрғызып алады. Ал, жеме жемге келгенде қызыл сызықтың кесірінен үйлерінің құжатын дұрыстай алмай қалған. Құжаттары түгел болмағандықтан жиналғандар әлеуметтік жәрдемнен қағылған. Тіпті, үйлерінің коммуналдық жағдайын ретке келтірейін десе де сол қызыл сызықтың мәселесі алдарынан көсе көлденең шығып келген.
Біз кейін пропискаға тұра алмағандықтан енемнің үйіне тұрдым мен босану үшін. Ол жақтағылар айтты сіздің өзініңіздің тұратын жеріңізге барып тұрыңыздар балаларыңызды өздеріңіздің учаскелеріңіз тексеріп тұру үшін деді. Мен Жаңарық деген жерге пропискаға тұрдым. Бала басына 10 мыңнан беремін, басында 5 мыңнан беретін едім. Қазір 10 мың болып кетті. Ал, енді есептеңіз 4 балаға 40 мың кеті. Өзім бар, күйеуім бар дегендей»,дейді Жансая ҚЫРҒЫЗБЕК, Сарыағаш ауданының тұрғыны.  
Нұр-Сұлтан қаласындағы жиналысқа онлайн қатысып жатқандықтан есікті құлттап қойдық деген жауаптылар тұрғындармен жарты сағат өткенен кейін кездесуге шықты. Жиналғандардың жанайқайын біресе білеміз деп, біресе білмейміз деп сөздерінен әбден жаңылысқандар былықтың барлығы Сарыағаш аудандық әкімдігіне жаба салды.
Мына әкімшілік осы шешім шығару алдында бізбен бірге согласавать ету керек еді. Олар оны істеген жоқ. Шешім шығарды да, сразу темір жолға жіьерді. Ондай мәселені істемейді ғой. Енді заң бойынша істеу керек оның бәрін», дейді Ерғали ЖАНСЕЙІТОВ, «Қазақстан темір жолы» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының заң бөлімінің басшысы.  
Ал, Сарыағаш аудандық әкімідігі өкілдері аталған жағдай бойынша әзірге тіс жармай отыр. Шыдамның да шегі бар деген тұрғындар екі апта көлемінде мәселе шешімін таппайтын болса, президентке дейін барамыз деп білек сыбана кірісіп отыр. https://www.youtube.com/watch?v=wdSCCcyLfzM