Павлодардағы кәсіпорында жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті
Павлодардағы кәсіпорында жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті
Павлодарда жазатайым оқиға салдарынан қаладағы кәсіпорындардың біріндегі темір оюшы қайтыс болды. Ер адамға шөміштен балқыған металл төгіліп кеткен. Агенттіктің мәліметінше, оқиға 8 маусым күні болған. "Ауруханаға термиялық күйік алған адам түсті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының өкілі Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, жедел жәрдем түнде шақыртылған. Күйік шалған азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Төртінші дәрежелі күйік (денесінің 90 пайызын күйік шалған) диагнозы қойылған 1989 жылы туған ер адам таңғы 5:15-те қайтыс болған. Облыстың еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов марқұм "Кастинг" ЖШС-нің металл кескіші болғанын айтады. Апат шөміштен ыстық металдың төгілуі салдарынан болған. Қапановтың сөзінше, бұл төтенше жағдайға кім кінәлі екенін тексеріс анықтайды. Еске сала кетсек, бұған дейін 3 маусым күні Атырау облысы Қарабатанда салынып жатқан газхимия кешеніндегі "BazisConstruction" ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалғанын жазған едік. Пациенттерге алдын ала тағамдық токсикоинфекция диагнозы қойылған. Уланғандардың ең кішісі 20 жаста болса, ең үлкені 49-да.
Аталған факті бойынша 304-баптың 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.