Бірден он баланы дүниеге әкелген әйел әлемдік рекорд орнатты
NewsRoom
Бірден он баланы дүниеге әкелген әйел әлемдік рекорд орнатты
Оңтүстік Африка Республикасында 37 жастағы Госиаме Тамара бірден жеті ұл мен үш қызды дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд орнатты. Әйел бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд орнатты. Алдыңғы рекордты бір уақытта тоғыз бала дүниеге әкелген Мали тұрғыны мамыр айында орнатқан еді.
Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы Госиаме Тамара жүктіліктің сегізінші айында босанған. Дәрігерлер сегіз бала дүниеге келеді деп күткен.