Жаңалықтар

Аулада 6 жасар баланың басына белтемір құлаған

Аулада 6 жасар баланың басына белтемір құлаған

 width= Ақмола облысының Степногор қаласында алты жасар балақайға темір конструкция құлап, бас сүйегі жарылды. Бұғы бейнесіндегі темір балалардың ойын алаңына белтемір ретінде орнатылған екен.Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телаарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
 Түбі босап тұрған конструкция баламның басына құлаған. Көрсеңіздер ғой, ендігі күні не болады? Сап-сау бала, бас сүйегін тесіп ота жасады. Әкімге де, прокуратураға да бардық. Уақыт өтеді, ұмытылады деп ойлап жүрген шығар. Жауап жоқ, дейді Мақпал Жұмабекова, Мансұрдың анасы.
Кішкентай Мансұрдың басы сол жерде қанжоса болып, ес-түссіз жатқан.  Аулада бірге ойнап жүрген балалар болған жағдайды оның анасына телефонмен хабарлапты. Жедел жәрдеммен бірден жансақтау бөліміне жеткізіліп, балақайдың бас сүйегіне трепанация жасалған. Яғни бассүйегін тесіп ота жасапты. Мансұр қазір облыс балалар ауруханасында жатыр. Ал оқыс оқиға болған ауладағы  әткеншектер тым сапасыз дейді Мансұрдың анасы. Биыл мектеп табалдырығын аттаған балақайдың ата-анасы  болған жағдайды айтып құзырлы орындарға шағымданыпты. Алайда жазаға тартатын ешкім жоқ. Себебі қауіпті алаңдар иесіз екен.
Ол алаң Кеңес одағы уақытынан тұр. Бұл жағдайдан кейін тапсыма бердік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен ПИК қалған алаңдарды қарап шықсын. Қазір неге банаста жоқ, оны айта алмаймын. Тексеріс өткіземіз, сынық алаңдарды қайта жөндейміз. Қалғанын ТКШ балансына аламыз, дейді Степногорск қаласының әкімі  Еркебұлан Баяхметов .