ҰБТ-дан 140 балл алған Данияр Уәлиевке ноутбук сыйға тартылды
ҰБТ-дан 140 балл алған Данияр Уәлиевке ноутбук сыйға тартылды

Бұл Павлодар Білім-инновация лицейіндегі алғашқы қуаныш емес, осыған дейін де оқушыларымыз олимпиадалық, халықаралық деңгейдегі, республикалық деңгейде көптеген оқушыларымыз жетістіктерге жетті. Бірақ ҰБТ максимум 140 ұпай жинау алғашқы рет. Оны ерекше атап өту керек. Бұл жетістіктің артында үлкен жұмыс тұрғанын айтып өткім келеді», – деді Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры Рахым Үркімбаев.Айта кетейік, 6 маусымда Павлодардағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының түлегі Уәлиев Данияр Арманұлы ҰБТ-да биыл бірінші рет ең жоғары балл 140 ұпай жинады. Негізінде Данияр энергетика саласында инженер мамандығын меңгергісі келеді екен.