Атырау облысында сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды
Атырау облысында сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды
Атырау облысында сарматтар дәуіріне тән қорымға қазба жұмыстарын жүргізген археологтар үлкен олжаға кенелді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап Қызылқоға ауданының Мұқыр елді мекеніндегі Қарақұдық қорымынан 3 сармат жауынгерінің сүйегі табылды. Бір қорғанда 3 адамның жерленуі археологияда сирек кездесетін көрінеді. Енді табылған сүйектерге антропологиялық зерттеу жүргізіледі. Қазба жұмыстары кезінде жебелер, найза, қылыш және тас қайрақ пен қыш құмыра табылған.
Қарақұдық қорғандар тобы 2012 жылы археологиялық барлау-зерттеу жұмыстары кезінде анықталған болатын. Қарақұдық қорғандар тобы сармат дәуірінің тарихи ескерткіштері болып есептеледі. Археологиялық зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Екінші кезең халықаралық экспедиция шеңберінде өткіземіз деп жоспарлаудамыз, дейді АмангелдІ Зайнов, археолог.