Роман Скляр Түркістан облысында зардап шеккен халықпен қазақ тілінде сөйлесті
NewsRoom
Ad
Роман Скляр Түркістан облысында зардап шеккен халықпен қазақ тілінде сөйлесті
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына барып, су басқан ауыл тұрғындарымен кездескен болатын. "Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды",- деді Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.
Сондай-ақ, Роман Скляр ауыл тұрғындарымен мемлекеттік тілде, қазақ тілінде сөйлесті.
"Президенттің тапсырмасы бойынша 685 үй саламыз. Авто жолдар мен инжинерлік коммуникациялар салынады", - деді Премьер-министрінің орынбасары.