Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті
Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті
Нұр-Сұлтанда автобус әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
7 маусым күні сағат 11.25-те маршруттық автобустың 32 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесімен Сейфуллин көшесіне қарай жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен. 73 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.