Жаңалықтар

ӘРПК– біздің еліміздегі елеулі оқиға – сарапшы

 width=
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің қабылдануы - біздің еліміздегі елеулі оқиға. Кодекс-құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тің сенімді тірегі десек те болады»,-дейді Түркістан облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов.
Маманның айтуынша, 1 шілдеде күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі өзара екі байланыс нысандарының қызметін, яғни әкімшілік актіні қабылдау рәсімі мен оны даулау процесін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, Кодекстің негізгі мәні тұлғалардың әкімшілік органға жүгінуі нәтижесінде қабылданатын әкімшілік акті, оны орындау, заңсыз актіні заңсыз деп тану, жоюмен байланысты әкімшілік органдарының қызметі, сондай-ақ әкімшілік орган және соттың дауларды шешу тәртібі болып табылады.
Қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігіндегі өзгерістер жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі