Қарағанды облысында жасөспірімдер мінген мотоцикл көлікке соғылып, бір бала қайтыс болды
Қарағанды облысында жасөспірімдер мінген мотоцикл көлікке соғылып, бір бала қайтыс болды

Скутер, мопед және мотоцикл қазіргі уақытта кәмелет жасқа толмағандар арасында ерекше қызығушылық тудыратын көлік құралының бірі. Олар аталған көлікті жүргізгенде қауіпті жағдай туралы оайламайды. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін ата-аналары да бақылауда ұстамайды. Олар балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне де мән бермейді. Егер, балаларыңызға заманауи көлік құралын сатып әпергілеріңіз келсе, олардың 16 жасқа толғанын күтіңіз. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі мен көлікке мінердегі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіңіздер. Ең бастысы балаларыңыздың жүргізу тәжірибесімен және жүргізуші куәлігінің болуын қамтамасыз ету қажет», - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.