Көпшілікке тиесілі көшені сатып жіберген кім?
Көпшілікке тиесілі көшені сатып жіберген кім?

Абай ауылының тұрғыны: "2009 жылдан бері пайдаланып келдік. Жабылғаны осыдан екі-ақ күн болды. Притом түн ішінде жапты. Әкеліп сваркілеп, күндіз жасаса да болады ғой. Сонымен халықтың өзі жолсыз отыр. Бұл жол деген қайлай дегенде де қатынассыз болмайды", дейді Серікбол ҚҰЛШАНОВ, Абай ауылының тұрғыны.Ауылға кіру үшін не жолды ашу керек. Не болмаса өзеннен өтетін көпір салуға тура келеді. Қоршауда қалған абайлықтар енді не істерлерін білмей дал. Заңгерлер жер телімі берілген кезде заң талаптары мүлдем ескерілмегенін айтады. Су қорғау аймағы кем дегенде 16 метр болу керек Бұл жерде өзен арнасы мен қоршаудың арасы 1 метр ғана. Оның үстіне жол да ескер ілуі тиіс екен.
"Кадастрлік номерін тексерген кезде өндірістік база салу деп қойған мақсатын. Ешқандай экологиялық талаптар, ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мынандай өзеннің жағасына мынандай өндіріс салуға рұқсат бермейді", дейді Мадияр ӘЛЖАППАР, заңгер.Мән-жайды білмек болып аудан әкімдігіне бас сұққанымызбен не әкімді не орынбасарларын орнынан таба алмадық. Әкімдіктегілер ауыл әкімінің орынбасарын шақырыпты. Қолында құзыры жоқ қызметкер мәселені сот арқылы ғана шешу керек дегеннен аса алмады.
Ол негізі сот арқылы шешілетін сұрақ. Себебі, шағымданушылардың да қолдарында заңды құжаттары бар. Жәбірленушінің де заңды құжаттары қолында. 2006 жылы заңды сатып алған. Договор купли-продажи бәрі бар", дейді Еламан ӨМІРБАЕВ, Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары.Әкім орынбасары тұрғындар мен көшені қоршап алған жер иесімен кездесіп сот аяқталғанша жолды ашып беруге өтініш айтатынын жеткізді. Ал зеңгерлер мәселені сот арқылы шешетін болса, оған кем дегенде 6 ай қажет екенін айтады. Осылайша, өз ауылдарында емін-еркін жүруден қалған жұрт енді кімнен көмек сұрайтынын білмей отыр. https://www.youtube.com/watch?v=YVUWLFR2h5c