Жаңалықтар

Ауыл әкімдігіне үміткер бағдарламасын жариялады

Ауыл әкімдігіне үміткер бағдарламасын жариялады

 width= Төрткүл ауыл округіне әкіміне үміткер Арслан Нуритдинов сайлауалды бағдарламасын жариялады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Құрметті ағайындар, Қазіргі таңда мен ауыл әкімі лауазымына өзімді ұсыну арқылы сайлауға түсуге мүмкіндік алдым. Бұл норманың өзі сайлау процесін демократиялығының және бәсекелестікті қамтамасыз ететін өте маңызды шарттардың бірі деп айта аламын.   Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың саясатын қолдай отырып Мен жанама сайлауға түсуден бас тартып, шілдеде өтетін тікелей сайлауға қатысамын.