Жаңалықтар

Шпекбаевтың куәлігімен әкіреңдеген «басқарма бастығы» табылды

Шпекбаевтың куәлігімен әкіреңдеген «басқарма бастығы» табылды

 width= Әлеуметтік желіде видеосы таралып жатқан «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне» қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді, – деп хабарлайды Zakon.kz. Агенттіктің хабарлауынша, аталған адам ешқашан Антикор қызметкері болған емес және алдағы уақытта да болмайды. Ағымдағы жылдың 2 маусымында бұл Шымкент қаласының тұрғыны, азамат Қ. екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.