Жаңалықтар

Алматыда самокат тепкен бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды

Алматыда самокат тепкен бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды

Қайғылы оқиға Алматы қаласының Түрксіб ауданында болды. JAC жүк көлігі Ақсу көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, самокат тепкен жеті жасар қыз дүкеннің жанындағы жолдың биіктеу жерінен сырғанап бара жатып, жолға қарай көліктер кетіп бара жатқан жаққа бұрылып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі соқтығысудан қашып, тежегішті басып, шетке қарай бұрылғанымен, кеш қалды. Бала көлік астына түсіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол полициясының қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.