Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда
Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сегізге бөлінген жұмысшы топтар "Сайрам-Өгем" паркіне қарасты тауда түнеп, шатқалдарды аралап жүргеніне 10 күннен асқан. Олар бүгінге дейін 800 шақырымға жуық аумақты жаяу тінтіген. Сондай-ақ, «Казавиақұтқару» АҚ тікұшақтары арқылы 5 670 шаршы метрді шолып шыққан.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаменті, Полиция департаменті, ҰҚК Шекара қызметі, Орман шарушылығының мамандары және Өзбекстан Республикасынан 112 қызметкер, 11 бірлік техника жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 24 мамыр күні "Сайрам-Өгем" паркінің тауларына серуендеуге шыққан 7 азамат жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның үшеуін қиындықтан дін аман құтқарса, екеуінің денесін тапқан. Қалғаны іздестірілуде.