Су қатты ластанған: Бескөл тұрғындары ауыз судан жаппай уланған
Су қатты ластанған: Бескөл тұрғындары ауыз судан жаппай уланған

Үй ішіміз бәрі ауырып жатыр. Осы судан ғана көреміз, су лайлы, ішінде тұнып қалатын тұнбасына дейін бар. Сол себептен балаларымыз, үй-ішімізбен ауырып жатырмыз. Екі баламның бірдей температурасы көтеріліп, 39-ға дейін жетті, дейді Күміс Менбай, Бескөл ауылының тұрғыны.Денсаулығына шағымданушылар саны күрт өсіп, үш күнде 130-ға жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір ауруханада 18 науқас ем алып жатыр. Оларға анықталмаған энтеровирус инфекциясы диагнозы қойылған. Тұрғындар әкімдіктің бейқам болғанына наразы. Әу бастан, су лайланған кезде дабыл қаққан екен. Алайда ешкім мән бермеген.
Бактерия көрсеткіші өте жоғары болып шықты. Жалпы микроб саны да жоғары. Бір миллилитрде 50 болуы тиіс, одан асып тұр. Су қатты ластанған. Барлық жағынан көрсеткіш жоғары, оны бірден анықтау мүмкін болмай тұр, дейді Жангелді Ибраев, Қызылжар ауданының санитар дәрігері.Ауыл тұрғындары ауру тараған ескі құбырды ауыстыруды талап етіп отыр. Ал атқамінерлер күзге дейін су жүйесін жаңалауға немесе хлормен тазартуға уәде етті. Оған дейін ауыл халқы суды тек қайнатып ішуге мәжбүр.