Жаңалықтар

Маңғыстау облысында сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы талқыланып жатыр

Маңғыстау облысында сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы талқыланып жатыр

 width= Кішкентай сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы Маңғыстау облысында резонанс тудырды. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр. Видео кадрларынан медициналық халат кимеген және маска тақпаған әйел балаға массаж жасап жатқаны көрінеді. Массаж барысында сәбидің шыңғырып жылағаны естіледі. Әйел салмағын салып баланың ішінен қатты басады және оның аяқ-қолын созады. Сонымен қатар, баланы мойнынан ұстап сілкиді.
Видеодағы әйелдің кәсібилігіне Маңғыстау облысының полиция департаменті тексеру жасаған.
"Әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы барды. Онда әйел мен баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі болды. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілі.
Назар аударыңыз! Видеоны жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көруге болмайы! [video width="720" height="720" mp4="https://newsroom.kz/uploads/resized-images/2021/06/polytsyiavmangystauproveriaetuchastnykovzhestkogomassazharebenku-2.mp4"][/video]