Жаңалықтар

Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады

Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады

 /> Қостанай облысы Меңдіқара ауданының білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өзіне қол салды, деп хабарлайды <a href=Newsroom+ақпарат агенттігі. Қайғылы оқиға 2 маусымда Боровская ауылында болды. Қ.Жүгінісов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, екі апта үй қамақта жатқан. Әйелі Қостанайға кеткен күні ол өз-өзіне қол жұмсаған. Меңдіқара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров Қалыбек Жүгінісовтің Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келгенін айтты. Ол 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне орналасты. Осыдан үш жыл бұрын аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Қалыбек Жүгінісовтің артында әйелі мен үш баласы қалды.