Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты

14 Тамыз, 2019 72 0

Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

13-шағынаудандағы 27-інші үйдің жанынан салынған жаңа спорт алаңы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған. Мұнда бір мезетте 100-ге жуық бала спортпен шұғылданып, шеберліктерін шыңдай алады. Балалар енді ойындарын өз алаңдарында өткізетініне қуанышты. 

Ашылу салтанатынан соң футболдан жарыс ұйымдастырылды. 

Айта кетейік, Ақтауда 109 спорт алаңы бар. Оның 66-сына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

«Кәсіпкерге алғысымызды білдіремін. Осындай мәрт азаматтардың арқасында қалада ел игілігі үшін ашылған нысандар саны арта берсін. Биылғы жылы әкімдік тарапынан көптеген спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Балалар өте қуанышты», - дейді Ақтау қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев.

Тегтер: Ақтау, кәсіпкер, футболалаңы, балалар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.