Баласын сатпақ болған ана есірткіге тәуелді болып шықты
Баласын сатпақ болған ана есірткіге тәуелді болып шықты
1 жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған. Түркістанда төл перзентін саудалап жатқан жерінде 27 жастағы келіншек ұсталды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Күдіктіні қолға түсіруге нотариустың септігі тиіпті. Баласын сатып алушы табылғаннан кейін безбүйрек ана құжатын заңдастыру үшін оның көмегіне жүгінген екен. Бұдан құлағдар болған прокурорлар тасбауыр жанды арам пиғылын жүзеге асырғалы жатқан сәтте ұстаған. Баланың әкесінің кім екені белгісіз, ал келіншек есірткіге әуес көрінеді. Нәрестенің өкпесі қабынғандықтан, қазір ол ауруханада. Денсаулығы оңалған соң сәби бөбектер үйіне орналастырылады.
Ал күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысы дәлелденсе, ол тоғыздан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.