Аттракцион үшін таласып төбелескен аналардың кесірінен мемлекеттік қызметкерлерге сөгіс жарияланды
Аттракцион үшін таласып төбелескен аналардың кесірінен мемлекеттік қызметкерлерге сөгіс жарияланды
Қарағандыда тегін аттракционға таласқан ата-аналар шенеуніктердің жазалануына себепкер болды. Шахтерлар қаласында балаларды қорғау күні мерекесінде орталық саябақтағы төрт аттракционда сырғанау тегін болатыны хабарланыпты. Мұны естіген келіншектер кезекке таласып, оның соңы төбелеске ұласқан. Сол сәтте анасына араша болған қыз бала ойын алаңынан ұшып кеткен. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындардың қоғамдық орында тәртіп бұзып, карантин талаптарын сақтамауына байланысты аттракциондар мен бизнес нысандарының жұмысы тоқтатылды. Саябақ басшылығы да қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов, Халел Әкімжановқа және Мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды.
https://youtu.be/aDm0cpjhMnk?t=670