Қайтыс болған енем түсіме еніп, баламның өмірін құтқарды
Қайтыс болған енем түсіме еніп, баламның өмірін құтқарды
Бқл оқиға өткен жылдың наурыз айында болған еді. Енем ұзақ жылдар бойы қолымда тұрды. Үйдегі кішіғұрым түсініспеушілікті қоспағанда өте тату тұрдық.
Қанша дегенімен өлім де бір ақиқат қой. Сол наурызда енем түсінде жүріп кетті. Негізі тың еді. Соңғы уақыттарда құлағынан кетіп отырғаны болмаса, ақылы түзу болатын. Көңіл айта келгендер ақ өлім деп жұбатып жатты.
Сонымен қазаның екінші түні. Барлық қызметті тындырып, келген меймандарды жатқызып, қуыс бөлмедегі шағын креслоға жайғаса отыра беріп едім, сол екі ортада қалғып кеткендеймін.
Отыра бергенім сол екен есіктің жақтауынан Енем сол баяғы ашық дауысымен: «Әй, Әлия, ана Біржанды керең етейін дедің бе,құлағын неге қарамайсың», дегенінен селт ете қалдым.
Тұра жүгіріп, балам Біржанға барсам терең ұйқыда екен. Әлгі не түс, не өңімдегі сөзге жүгініп құлағын тексере бергенде, оң құлағынан кенені байқадым. Инесін терең батырып, ары қарай тереңдеп барады екен. Шырылдап жүріп, артқы аяғынан тартып әрең алып шықтым.
Автор: Эра Ахо
Күйеуім аң-таң, бұны неге тексере қалдың деп. Тілімді тістеп айтпай қалдым. Жүрегін жаралағым келмеді. Қазір кеш батса жиі ойланамын. Сол креслода ұйықтадым ба, жоқ әлде...