Маңғыстауда қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған
Маңғыстауда қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған
Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан 3 айда 1400 бас мал қырылып қалған. Биыл жаңбыр жоқ, төрт түлікке талғажау болатын шөп шықпады. Салдарынан шаруалар мал азығын қымбатқа сатып алып жатыр. Басқа өңірлерден тасымалданатын жем-шөптің бағасы да шарықтап шыға келді. Бір қап кебек – 2000, бір рулон шөп 16 000 теңгеге жетті. Құдықтағы жер асты сулары да тартыла бастаған. Осыған байланысты фермерлер аймақтағы жағдайға ерекше назар аударуды сұрайды. «Жем-шөп алуға субсидия бөліп, жаңа бұлақ көзін ашу керек», – дейді. Ал әкімдік жанынан өңірде жұмыс тобы құрылып, Ақтөбе облысымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Жергілікті деңгейде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі төрағалығымен арнайы штаб құрылып, қазіргі таңда штаб Ақтөбе облысына іссапармен жолданған болатын. Іссапардың басты мақсаты – екі облыс арасында жем-шөп тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар жергілікті шаруа қожалықтарына Ақтөбе облысынан уақытша жайылымдыққа жер бөлу. Жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, тиісті механизмге сәйкес, жұмыстар бөлінуде, дейді Аслан Сүйебаев, МО ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі басшысы.